2021 жылы гранттық саясат қалай өзгереді?

Жарияланған күні: 12.08.2020


12 тамызда Мұрат Әбеновтың «Азаматтық сараптама» бағдарламасының тікелей эфирінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы М. Қожахмет “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” Коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КЕАҚ) басқарма төрайымы Б. Мукинамен кездесіп, «2021 жылы гранттық саясат қалай өзгереді?» деген мәселені талқылады.

«Біз гранттық қаржыландырудың мәні Үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өз ұсыныстары болуы тиіс екенін, және де өзекті мәселелерді шешу жолдарын өздері ұсынуы тиіс екенін көріп отырмыз, ал мемлекеттің міндеті азаматтар мен ҮЕҰ-дың бастамаларын қолдау болып табылады. Сайып келгенде, бұл тиімді және жоғары сапалы жоба әзірлеуге мүмкіндік береді. Аталған проблемаларды заңнамалық деңгейде гранттық тақырыптарды қалыптастырудың жаңа тетіктерін қабылдау арқылы шешу қажет», – деп атап өтті Комитет төрағасы М.Қожахмет.

Өз кезегінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Б.Мукина әлеуметтік жобалар бойынша сертификатталған сарапшылар институтын енгізу қажеттігін алға тартты.

«Бұл Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттарды ұсыну үшін ҮЕҰ өтінімдерін бағалау барысында тиісті жауапкершілік енгізеді», – деп, атап өтті Батима Мукина.

Сондай-ақ ҮЕҰ-ның белсенді өкілдерінен жобаларды қалыптастыру кезінде халықтың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын ескере отырып, өңірлік проблемаларды ескеру қажеттілігі туралы ұсыныстар келіп түсті.

Конкурсты өткізу кезінде ашықтықты арттыру мақсатында грант жөніндегі комиссия жұмысының ашықтығын қамтамасыз ете отырып, жоғары білікті сарапшыларды тарту ұсынылды.

Қазіргі уақытта аталған мәселелерді шешу үшін гранттық жобалардың ашықтығын арттыру бойынша жаңа тәсілдер пысықталды.

Атап айтқанда, сарапшылар тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі реттелген. Гранттық жобаларды іске асыру тиімділігін бағалау механизмі бар мониторинг рәсімдері бекітілді. Мұның бәрі Гранттық қаржыландыру ережелері жобасында көрініс тапты.