Жарияланған күні: 13.04.2018
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ы 2018 жылдың 03 қаңтары күні ҮЕҰ үшін мемлекеттік грант байқауын жариялады. Нәтижесінде 202 ҮЕҰ-нан 352 өтінім келіп түсті. Олардың ішінен «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Ереженің талаптарына сай келмеген 101 өтінім байқауға қатыса алмады.
Грант иегерлері – 14 аймақтың өкілдері, жеңімпаздар қатарына Атырау және Ақтөбе өкілдері іліне алмады. Алайда, жүзеге асырылатын жобалар еліміздің барлық аймағын қамтитын болады.
Жеңімпаз атанған 63 гранттың 8 жобасы қазақ тілінде, 55 жоба орыс тілінде жолданған.
2018 жылдың 05 сәуірі күні байқау комиссиясы жеңімпаздарды анықтады. Сарапшылар 147 ҮЕҰ-ның 251 өтініміне өз бағасын берді. 2018 жылғы 1 байқаудың қорытындысы бойынша 58 ҮЕҰ жалпы сомасы 706,9 млн. теңгеге 63 мемлекеттік гранттың иегері атанды.
Жобалар Қазақстанның барлық аймағын қамтитын болады. Төменде аймақ тұрғындары шарапатын көретін жобалар саны көрсетілген.