​Елордада «Жастар кадрлық резерві» жобасының 10 жылдық мерейтойлы ашылуы өтті

Жарияланған күні: 14.10.2019


«Bolashaq» Қауымдастығы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Жастар кадрлық резерві» жобасының 10-шы мерейтойлық ашылуын өткізді.

12 қазанда М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде Қазақстанның мемлекеттік саясаткерлерімен, ұлттық компаниялардың өкілдерімен және өткен жылдардың резервистердің қатысуымен аталмыш іс-шара өтті.

«Жастар кадрлық резерві» – бұл қызметінде өсуге ынталы, кәсіби дағдылар мен басқару біліктілігінің жоғары деңгейіне ие мамандардың республикалық деректер базасы.

Он маусым ішінде Жобаға 15 000-нан астам жастар қатысқан. Олардың 468-сі конкурстық іріктеуден, тестілеуден, оқу модулдерінен өтіп, ҚР Парламентінен, ұлттық компаниялардан, орталық мемлекеттік органдардан іс-тәжірибеден өткен.