үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар беруге «Өңірлерде деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушылармен түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша қайта конкурс жариялайды.

Өтінімдер қағаз және электронды тасымалдаушыларда берілуі тиіс.

Қағаз бетіндегі сұраныстар мен электронды тасымалдағыштағы қосымшасын мына пошта мекен-жайына жолдау керек: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 30, «Astana Apartments» БО,2 қабат, 211 кабинет.

MS Word және PDF форматындағы (бір құжат ретінде) құжаттарды бірінші басшының қолы бар сканерленген өтініш нұсқасын grants@cisc.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

Сұраныстар 2020 жылғы «27» мамырдың сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Қоғам қызметкерлерінің сұраныстарды қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма күндері аралығы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).