Жарияланған күні: 27.06.2018
«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры 2018 жылдың 28 маусымында Өскемен қаласында «ҮЕҰ бәсекеге қабілеттілігі: табыстар факторы, тәуекелдер мен болашағы» тренингін өткізеді.
Мақсаты – үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру және әлеуметтік қызметтер нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, ҮЕҰ-дардың даму мәселелері және қызметі туралы білім мен дағды деңгейін көтеру.
Қазақстандағы үшінші сектордың дамуы 20 жылдан артық уақытты құрайды. Дегенмен, осы орайда азаматтық қоғамның үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) сияқты түрінің дамуына ерекше назар аударылған болатын. «ШҚО әділет департаменті» ММ ресми мәліметтері бойынша Шығыс Қазақстан облысында 1305 ҮЕҰ тіркелген және оның 47%-ы қоғамдық бірлестік, 5%-ы заңды тұлғалар бірлестігі, 27%-ы мекеме және 21%-ы қор түрінде (2015 жылдың мәліметтері).
Бүгінгі күні ҮЕҰ «көкжиегін кеңейтуді» қажет етеді, жаңа әдістер мен технологияларды меңгеру, мақсаттар мен бағыттарын қайта қарастыру, өз орнын іздеп, шектеусіз ресурстар көлемі шарттарындағы бәсекеге қабілеттілігін өсіруді талап етеді. ҮЕҰ отырған қызметтер нарығы да бір орнында тұрған жоқ, бүгінгі қызметтер ертең мүлде басқа болып өзгеруі мүмкін. Осы қызмет тактикасын таңдап алған ұйымдар осындай оқиғаларға дайын болмаса, ұйымды дамыту мәселелеріне, тұрақтылықтың жаңа формаларын іздемесе, олар басқа ҮЕҰ бәсекелесттікке түсе алмайды және әлеуметтік қызметтер нарығынан кетуге тиіс болады.
Тренинг теориялық блоктар мен белсенді практикалық жаттығуларды қамтыған, қоршаған ортаға талдау жасау, қажеттіліктерге талдау жасау, бәсекелестік артықшылықтарға, ҮЕҰ портфеліне талдау жасау және т.б.
Іс-шара келесі мекенжайда өтеді: Өскемен қ., Орталық кітапхана жүйесі, Е.П.Славский атындағы жағалау, 22 (10.00-ден 18.00-ге дейін).
Аккредитация мәселелері бойынша Евгения Шрейберге хабарласуларыңызға болады: +7(7232) 51-33-88, ұялы. +7 705 620 75 86, e-mail zubr-kz@mail.ru