Жарияланған күні: 11.09.2019
2019 жылғы 23-25 қыркүйекте «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» АБҚО Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға бағытталған семинар өткізеді. Курстар жобаларды басқару, жобаларға мониторинг жүргізу және бағалау, фандрайзинг және PR, стратегиялық және қаржылық жоспарлау тақырыптарын қамтиды. Тренингті білім беру, халықаралық даму және гуманитарлық бағдарлама жасау саласында 15 жылдан астам жұмыс істейтін және бағдарламалар мен жобаларды басқаруда, көптеген аудиторияларға, соның ішінде ЮНИСЕФ, RedR UK, БАПОР, Британ Кеңесі, сияқты ұйымдарға әлеуетін арттыру бойынша курстар мен бағдарлама әзірлеу мен өткізуде тәжірибесі бар халықаралық эксперт – Кейт Денман, халықаралық сертификациясы бар кәсіби аудитор – Гүлбану Заманбекова, сондай-ақ фандрайзинг саласындағы ұлттық эксперт өткізеді.
Семинарға қатысуға ҮЕҰ 20 өкілі іріктеп алынады. Семинарға мемлекеттік грант алу конкурсына қатысқан, алайда конкурстан өтпеген және ұйымда бір жылдан астам жұмыс өтілі бар ауылды және қалалық өңірлердегі ҮЕҰ өкілдері шақырылады. Семинарға қатысу үшін үміткер резюмесін жіберумен қатар 2 ұсынушы адамды сайлау керек, сондай-ақ «Әлеуетімді арттыру маған не береді? Алған білімді мен қалай қолданамын?» тақырыбында эссе жазуы қажет.
Қатысушылардың Нұр-Сұлтан қаласында тұру бойынша шығындарын жіберуші тарап өтейді.
Семинарға қатысу бойынша өтінімдер а.ж. 17 қыркүйекке дейін қабылданады. Өтінімдерді қарастыру нәтижесі а.ж. 18 қыркүйекте хабардар етіледі.
Қосымша анықтамаларды +7 7172 22-12-23 телефоны бойынша жәнеzhussupov@cisc.kz электрондық поштасына хабарласу арқылы ала аласыз.
Тіркелу және өтінім беру үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfLIrFB5OrkSMLIuOtMjEG8zB9I3JqXeOfK-lL48fYGczDSpA/viewform?usp=sf_link