Жарияланған күні: 08.06.2017
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты бойынша «Балалар және қоршаған ортаның жағдайы» (қоршаған орта жағдайын балалардың аурушаңдығымен байланыстыра бағалау) жобасы аясында «Қоршаған ортаның балалар денсаулығына экологиялық ықпалы. Жалпы шешім жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараны ұйымдастыру барысында ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл З.Балиеваның ұсынымдары және бала құқықтарының ағымдағы жағдайын жақсарту жөніндегі «Балаларға мейірімді Қазақстан» халықаралық конференциясының ұсынымдары негізге алынды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар қоршаған ортаның балалар денсаулығына ықпалы туралы мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады. Нәтижесінде «Бала және қоршаған орта» диалог алаңында жұмыс тобы әрі қарай талқылау жүргізуі үшін тұжырымдар мен ұсынымдар әзірленді.
Қатысушылар арасында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, депутат Б.К.Хаменова, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ғылыми орта өкілдері, балалардың өмірге төзімділігі жөніндегі ЮНИСЕФ бағдарламасы мен «Балаларға мейірімді қала» бастамасы, ҚР ДС ӘДМ «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» РМҚК, мемлекеттік құрылымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдері болды.
Дөңгелек үстел шеңберінде Халықаралық экология академиямиясының президенті, профессор, т.ғ.д. М.С.Дуамбеков, «Невада-Семей» ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалысының вице-президенті С.У.Картоев, «Невада-Семей» ядролық жарылысқа қарсы қозғалысының Қарағанды бөлімінің төрағасы, т.ғ.к. М.Х.Хамиев, «АМУ» АҚ жанындағы Радиобиология және радиациялық қорғау институтының директоры, м.д.н., профессор П.К.Қазымбет, «Семей – ЯП» ҚҚ төрағасы Б.И.Әбдікәрім, саяси ғылымдардың кандидаты, медиатор Г.У.Имакованың баяндамалары тыңдалды.
«Балаларға мейірімді Қазақстан» халықаралық конференциясы балалардың, оның ішінде экологиялық тұрғыдан қолайсыз аудандардағы балалардың денсаулығын жақсартуды ұсынады. Осыған байланысты ҚР бала құқықтары жөніндегі омбудсмен балалардың денсаулығын сақтау жөніндегі ағымдағы нормаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірлеуді ұсынды, ал дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ұсынылған ұсынымдар осы мәселе бағытындағы алғашқы қадам болып табылады.