Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігі денсаулық сақтау саласындағы гендерлік зорлық бойынша оқытуды институцияландыру, сондай-ақ Қазақстандағы гендерлік зорлыққа денсаулық сақтау саласының жауапты шараларын күшейтуге бағытталған жобалық өтінімдерді қабылдауда.
Жобалық өтінімдер электронды оқыту курстарын әзірлеуге бағытталған және келесі нәтижелерді қамтамасыз етуі тиіс:
- Гендерлік зорлық туралы клиникалық хаттаманы сақтау бойынша медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
- Денсаулық сақтау жүйесінде гендерлік зорлықтан зардап шеккендерді одан әрі шұғыл және әлеуметтік көмек көрсетуге жіберуге қатысты сәйкес жүйелерді ұстану бойынша медицина қызметкерлерінің әлеуеті мен сараптамалық білімін нығайту;
- Жедел-жәрдем қызметкерлері, медбикелер, дәрігерлер, полиция қызметкерлері, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерді қоса алғанда, алғашқы көмек көрсететіндердің гендерлік зорлық туралы хабардар болуын арттыру;
- Көпшілік арасында гендерлік зорлық-зомбылық туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру.
Жобаның мақсатты тобы шұғыл шақыруларға бірінші болып әрекет ететін жедел- жәрдем қызметкерлері, медбикелер, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар мен зорлық-зомбылық жағдайларын анықтай алатындар, мысалы, мұғалімдер болып табылады.
Гранттың ең жоғары мөлшері 38 000 АҚШ долларын құрайды.
Конкурстың мақсаты: Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлыбритания Елшілігі Қазақстан үкіметін COVID-19-ға әрекет ету жоспарларын қолдауға, сонымен қатар гендерлік зорлық-зомбылыққа әрекет ету механизмін күшейту және Денсаулық сақтау министрлігімен тығыз ынтымақтастықты қолдауға ұмтылады.
Конкурстың шарттары: Электронды оқыту курстары түрлі тегін платформаларда, соның ішінде Британдық Үкімет платформасында, жан-жақты, дербес және қолжетімді болуы тиіс. Курстар қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді болуы қажет. Өтінімдер келесі өлшемдер бойынша бағаланады:
- жоғарыда аталған тақырыптық басымдықтар мен нәтижелерге сәйкестік;
- қаржыландыру кезеңі шеңберінде нәтижелерге қол жетімділік;
- жобаны әзірлеу мониторинг пен бағалаудың нақты рәсімдерін қамтуы тиіс;
- жобаның тұрақтылығы;
- тәуекелдер мен қаржылық есептілік;
- бенефициарларды қорғауды қамтамасыз ететін ұйымның қорғау саясаты;
- баға мен сапа қатынасы.
Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2020 жылдың 17 шілдесі
Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: https://www.gov.uk/government/news/call-for-bids-in-kazakhstan-e-learning-courses