Жарияланған күні: 27.06.2017
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы (CISC) жариялаған «Қазақстанның заманауи азаматтық қоғамының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талдау» тақырыбындағы гранттық жобаны іске асыру аясында Ұлттық баяндама әзірлеу көзделген. Ұлттық баяндамада республикадағы азаматтық қоғамның ахуалы мен болашағы талданады. Қазіргі таңда Саяси менеджмент мектебінің қызметкерлері баяндамаға қажетті ақпараттар жинап, оларды зерделеумен айналысып жатыр.
Осыған дейін орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға сауалдар жолданып, онда институттардың азаматтық қоғам өкілдерімен әрекеттестігі, ҮЕҰ-мен байланыстары т.б. туралы ақпараттар сұратылған болатын. Ресми органдардан келіп түскен мәліметтер негізінде мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекеттестігі сарапталатын болады. Сараптама нәтижесі басқа мәліметтермен толықтырылып, Ұлттық баяндамада жарияланады.