Құрметті аға буын өкілдері!

Жарияланған күні: 01.10.2020


Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Бұл мереке-Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының, уақыт байланысының символы.

Құрметті аналар, әкелер, аталар мен әжелер  біздің болашағымыз үшін тынымсыз ерен еңбек етіп, халыққа қызмет етіп жүруіңіз үшін мың да бір рақмет! Сіздің өміріңіз – қазақстандықтардың өсіп келе жатқан ұрпағы үшін батылдық пен адамгершіліктің үлгісі. Сіз моральдық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтаушы, балалар мен немерелер үшін тірек болып таныласыз.

Жастармен білімдерімен және баға жетпес тәжірибелерімен бөлісе отырып, қазақстандықтарда рух күшін, еңбексүйгіштіктің, отансүйгіштіктің үлгісі ретінде тәрбиелейсіз. Біз сізге даналық, мейірімділік пен шыдамдылық, өмірден ләззат алудың баға жетпес сыйы үшін ризамыз.

Осы мереке күні Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, күштеріңіз, туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктеріңіз үшін жылы лебіздеріңізді қабыл алыңыздар!

Бұл мереке ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының, уақыт байланысының символына айналды. Сіздің өмірлік тәжірибеңіз, жүрегіңіздің жылуыңыз, елге, туған-туыстарыңызға және жақындарыңызға шексіз сүйіспеншілігіңіз қазақстандықтардың жүрегі мен жанын жылытады.

Сіздерге зор денсаулық, амандық, бақыт тілейміз! Әрқашан жаныңызда сүйікті және қамқор балалар, немерелер, достар болсын. Ұзақ және бақытты ғұмыр сүріңіз, сау-саламат, үбірлі-шүбірлі өміріңіз болсын!

 

Құрметпен, “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ.