Құрметті үкіметтік емес ұйым өкілдері!

Жарияланған күні: 20.02.2020


Сіздерді 2020 жылдың 27 ақпанында сағат 9:30-дан 18:00-ге дейін Astana Art Hub-та өтетін (Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел көшесі 55, EXPO алаңы) Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне арналған іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Шараға қатысу үшін https://forms.gle/oatHNFGbK1Q1y9mn8 сілтемесі бойынша тіркеуден өтуіңіз қажет. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 8-7172-22-12-24, 8-7172-22-12-23 нөмірлері бойынша немесе karimovaai@cisc.kz, doldat@cisc.kz электронды поштасына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік ҮЕҰ күні аясында ұйымдастырылатын іс-шараның жалғасы ретінде 2020 жылдың 28 ақпанында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ кеңсесінде үкіметтік емес ұйым өкілдеріне «Ашық есік» күні іс-шарасы өткізілетіндігін хабарлаймыз. (Мәңгілік ел көшесі, 30, 2-қабат).