«Құқығым бар»

Жарияланған күні: 24.07.2017


Сен өз құқығыңды білесің бе?

Көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алғын келеді ме?

Тәжірибелі мамандармен сұхбаттасу сәті түспей жүр ме?

Ендеше, бізге кел! Қапы қалма! Мына шара дәл сен үшін ұйымдастырылуда.

Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтанда заңды білу – заман талабы.

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ жас жеткіншектердің өз құқықтары мен міндеттерін жете біліп, заң саласында сауатты болып өсуін қамтамасыз ету мақсатында осы айдың 26-28 күндері «Құқығым бар» тақырыбында семинар-тренинг өткізгелі жатыр. Аталған шара ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» тапсырысымен ұйымдастырылуда.

Егер де білімділердің алдыңғы қатарында болғын келсе, біз сені 26-28 шілде күндері сағат 15:00.де Бейбітшілік және келісім сарайында күтеміз! Тіркелу үшін көрсетілген сілтемеге өт docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc2e1rbZndrm-6EUm2HycCImShemH2_VndXq4jWNyt3AwO_Pw/viewform.

Сұрақтар бойынша осы номерге хабарлас +77476817071 – Арайлым.