«Азаматтарды шешім қабылдауға тарту құралы ретінде Қоғамдық кеңестерді қолдау және дамыту» грантын жүзеге асыру қорытындысы

Ұйым
Тапсырыс беруші
Аймақ
-
Іске асыру мерзімі NULL
Грант сомасы
Әкімшілік
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету шығыстар
Тікелей шығындар

«Азаматтарды шешім қабылдауға тарту құралы ретінде Қоғамдық кеңестерді қолдау және дамыту»

Грант алушы: «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ

Грант сомасы: 15 000 000 теңге

Жүзеге асыру мерзімі: 20 қыркүйек – 7 желтоқсан 2016 жыл

«Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі «Азаматтарды шешім қабылдауға тарту құралы ретінде Қоғамдық кеңестерді қолдау және дамыту» жобасымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің грант иегері атанды. Жоба аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды: «Қоғамдық мониторинг және қоғамдық сараптама Қоғамдық кеңестердің өкілдігі ретінде» және «Қоғамдық кеңестер қызметіндегі экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері мен проблемалары» тақырыбында бапкерлерге арналған 2 вебинар және 2 семинар, қоғамдық кеңестердің қызметі туралы сайт құру және дамыту, қоғамдық кеңестердің қызметін заңнамалық негізде бақылау.

1. Бапкерлерге арналған вебинарлар мен семинарлар өткізу

Жергілікті атқатушы органдары саласында тренинг жүргізу тәжірибесі бар аймақтық бапкерлермен жұмыс істеу үшін республикалық деңгейдегі сарапшылар – М.Еспенова мен С.Могилюк шақырылды. Барлық ақпарат қайта өңделіп, вебинарларда материалды қоғамдық кеңестердің өкілдіктерін атқару тұрғысынан беру жүзеге асырылды. Әзірленген екі білім құралы жұмыс дәптерлері ретінде семинарға қатысқан әрбір адамға берілді және қоғамдық кеңестердің практикалық, күнделікті жұмысында қолданылатын болады. Бұл құралдар білімін арттыруға ниет білдірген әркімге қол жетімді болуы үшін www.kazkenes.kz сайтында, сондай-ақ жоба серіктестерінің сайттарында да берілген. Осылайша жұмыста және барлық мүдделі тараптарға көмек болуы үшін қоғамдық кеңес мүшелерінің жеке Кітапханасын қалыптастырудың негізі қаланды.

2. Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы сайт құру және дамыту

www.kazkenes.kz мекенжайындағы сайт түрінде интерактивті веб-алаң құрылды, ҚР-ның кез-келген азаматы бұл жерден қоғамдық кеңестердің қызметі туралы пайдалы ақпарат табумен қатар әлеуметтік маңызы бар кез-келген тақырып бойынша сұрақ қою, пікір білдіру, ұсыныс жасау немесе көзқарасын білдіру арқылы өз аймағына тікелей жүгіне алады. Барлық сұрақтар мен олардың жауаптары сайтта көрсетіледі, сондай-ақ жауапсыз қалған сұрақтар да тіркеледі. Сонымен қатар сайт қоғамдық кеңестердің өз қызметінің ашықтығы мен жариялылығын көрсету құралы болып табылады. Осылайша хабардарлық деңгейін жоғарылату, байланысты қамтамасыз ету, кері байланыс алу бойынша екі тарапқа – қоғамдық кеңестер мен халыққа да жағдай жасалды.

3. Қоғамдық кеңестердің қызметін заңнамалық негізде бақылау

Бұл мониторинг бірнеше іс-шараны қамтыды:

– Заңнамалық базаға талдау жасау;

– ҚК қызметіне заңнамаға сәйкес мониторинг жүргізу;

– Талдамалы есеп әзірлеу, шығару және тарату;

– Нәтижелерді көрсету арқылы өткізілген оқыту және мониторинг нәтижелері бойынша конференция өткізу;

– Жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

– Мониторинг нәтижелері мен жетілдіру жөнінде ұсынымдарды мемлекеттік органдарға ұсыну.

Қоғамдық кеңестердің қызметін реттейтін НҚА-ға кешенді талдау және қолданыстағы заңнама негізінде 16 аймақтық кеңестің практикалық қызметіне талдау жасалды.

Жоба нәтижелері:

– Вебинарлар мен тренингтер өткізу арқылы азаматтық бақылауды күшейту мәселелері бойынша қоғамдық кеңес мүшелері мен азаматтық қоғам институттарының құзіреттері мен әлеуеті арттырылды;

– Жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестер мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыстар нығайтылды;

– Қоғамдық кеңестердің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мақсатында қоғамдық кеңестермен қатар заң шығарушы топтар ретінде ҚР Мәжілісінің депутаттарына, қоғамдық кеңестерді құруда көмек көрсеткен органдарға шамамен 20 ұсыным әзірленді.

Жобаның көпшілік таныстырылымы

Публичные презентации отсутствуют

Қосымша материалдар

Қосымша материалдар

Байланыс

Мекен жайы
Байланыс телефоны