«Бабаларға тағзым»

1. Атауы: «Ақтоғай рухани жаңғыру» қоғамдық қоры

2. Жоба атауы: «Балаларға тағзым»

3. Жобаның/идеяның сипаттамасы: Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын арналған ескерткіш белгі Ақтоғай ауылы Абай және Целинный көшелерінің қиылысындағы «Мәңгілік Ел» стелласы жанында орналасады. Аталған орында Ескерткіштің өзі орналастырылып, айналасы абаттандырылады. Соның ішінде: брусчатка төселіп, орындықтар және қоқысқа арналған жәшіктер орналастырылады. Жарық шамдары, қоршау орнатылып, ағаш көшеттер егіледі. Осы мақсатқа қажетті сома 3 млн.теңге.

4. Жобаның мақсаты мен міндеттері: Жобаның мақсаты: Саяси қуғын- сүргін және аштық құрбандарын, олардың қасіретке толы тағдырларын, сондай-ақ халқымыздың ұлттық тарихында орын алған сол бір зұлмат жылдарды ұмытпай, өскелең жас ұрпақтың санасына ескерткіш белгі арқылы сіңіру. Өткеннен сабақ ала отырып, тәуелсіз еліміздегі бейбітшілікті, ұлтаралық келісімді сақтауға тәрбиелеу. Жобаның міндеті: Жастардың, аудан тұрғындарының бойындағы туған елге, оның тарихына құрметпен қарау сезімдерін ояту. Азаматтық, қазақстандық патриотизм сезімдерін нығайту.

5. Жобаны жүзеге асыру орны: Ақтоғай ауданының Абай және Целинный көшелерінің қиылысында.

6. Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 2019 жылдың қыркүйек –қазан айлары

7. Қажетті сома: Жалпы сомасы – 3 000 000 теңге