Волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау үшін шағын гранттар байқауының басталуы жарияланды! (Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2026 жылғы 30 сәуір сағат 18-30 дейін)

ҮЕҰ-дарды, бастамашыл топтар мен жеке тұлғаларды волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау саласындағы 6 жоба аясында шағын гранттар конкурсына қатысуға шақырамыз:

  • «Төтенше жағдайлар кезіндегі волонтерлікті дамыту және ТЖ салдарын жою»,
  • «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық волонтерлікті дамыту,
  • «Медицина саласындағы волонтерлікті дамыту»,
  • «Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту»,
  • «Зооволонтерлікті дамыту»,
  • «Әлеуметтік волонтерлікті дамыту».

Жобалар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша және ҮЕҰ гранттарының бірыңғай операторы гранттық қолдау көрсеткен кезде іске асырылады.

Кім қатыса алады: ҮЕҰ, бастамашыл топтар және жеке тұлғалар

Іске асыру аумағы: 17 облыс және 3 Республикалық маңызы бар қала

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 13.04.2026-30.04.2026 (18:30-ға дейін)

Грант саны мен сомасы: 1 000 000 теңгеден 60 грант (әр бағытта 10 грант)

«Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою бағытындағы волонтерлікті дамыту» бағыты бойынша конкурс мақсаты — төтенше жағдайлардың алдын алуға, оларға жедел әрекет етуге және салдарын жоюға бағытталған волонтерлік бастамаларды дамытуға және қолдауға жәрдемдесу, сондай-ақ азаматтық қоғамның төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын арттыру.

Байқау ұйымдастырушысы: «Ұлттық волонтерлік желісі» қауымдастығы түріндегі заңды тұлғалар бірлес

Байланыс телефоны: + 7 708 706 42 42

Әлеуметтік желілер: Instagram: @qazvolunteer.kz

Электрондық пошта: aman.project.kz@gmail.com

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы «Экологиялық волонтерлікті дамыту» бағыты бойынша конкурс мақсаты — қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты тұрақты пайдалануға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған азаматтық белсенділіктің бір түрі ретінде экологиялық волонтерлікті дамытуға жәрдемдесу.

Байқау ұйымдастырушысы: «Ұлттық волонтерлік желісі» қауымдастығы түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі

Байланыс телефоны: + 7 708 706 42 42

Әлеуметтік желілер: Instagram: @qazvolunteer.kz

Электрондық пошта: greensteppe.kz@gmail.com

«Медицина саласындағы волонтерлікті дамыту» бағыты байқауының мақсаты — медицина саласындағы волонтерлік қызметті денсаулық сақтау жүйесін қолдаудың маңызды ресурсы, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және халықтың денсаулығын нығайту тетігі ретінде дамытуға жәрдемдесу.

Байқау ұйымдастырушысы: «Медицина жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі

Байланыс телефоны: Айдарханова Жансая, +7 778 798 56 88

Әлеуметтік желілер: Instagram: @qazmed_jastary

Электрондық пошта: qazmedzhastary@gmail.com

 

«Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту» бағыты байқауының мақсаты мақсаты — қазақ халқының және елімізде тұратын өзге де ұлт өкілдерінің тарихи, мәдени және рухани мұрасын зерттеуге, насихаттауға және сақтауға бағытталған бастамаларды қолдау.

Байқау ұйымдастырушысы: «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» қауымдастығы түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі

Байланыс телефоны: Нурханова Асель, +7 775 828 98 20

Әлеуметтік желілер: Instagram: @civil.alliance Facebook: Қазақстанның Азаматтық Альянсы

Электрондық пошта: civilalliance20@gmail.com

«Зооволонтерлікті дамыту» бағыты байқауының мақсаты — жануарларды қорғауға, оларға гумандық көзқарасты қалыптастыруға және қоғамда жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау және зооволонтерлікті дамытуға жәрдемдесу.

Байқау ұйымдастырушысы: «Ұлттық волонтерлік желісі» қауымдастығы түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі

Байланыс телефоны: + 7 708 706 42 42

Әлеуметтік желілер: Instagram: @qazvolunteer.kz

Электрондық пошта: kazakhstanforanimals@mail.ru

«Әлеуметтік волонтерлікті дамыту» бағыты байқауының мақсаты — азаматтық белсенділіктің маңызды тетігі, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу құралы ретінде әлеуметтік волонтерлікті дамытуға және нығайтуға жәрдемдесу.

Байқау ұйымдастырушысы: «Human Rights Lawyers» қоғамдық қоры

Байланыс телефоны: + 7 707 154 75 38

Әлеуметтік желілер: Instagram: @human_rights_lawyers

Электрондық пошта: hrlawyers123@gmail.com