136bet.com.br
deltaweb.be
finut2020.com
insccu.com
kommunikation-vorarlberg.at
oren-sarmats.ru
pin-ups.com.mx
spicybet.com.br
verde-casino.ro

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмысы жүргізілді

Жарияланған күні: 12.12.2025


Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында комплаенс-офицер тарапынан менеджерлер үшін халықаралық ISO 37001 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» стандартының талаптарын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Түсіндіру барысында ISO 37001 стандартының негізгі қағидаттары, ұйым қызметіне енгізу тетіктері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және басқару жолдары, сондай-ақ қызметкерлердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы рөлі мен жауапкершілігі туралы толық ақпарат берілді.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және басқару процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аталған іс-шара ұйымдағы ішкі комплаенс-бақылау жүйесін нығайтуға және қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыруға бағытталды.