Зерттеу журналистикасын дамыту бойынша БАҚ жас қызметкерлеріне арналған гранттық бағдарлама
Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мақсаты:
Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген жас журналистердің әлеуетін арттыру және зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 4 шағын грант беру арқылы Қазақстандағы зерттеу журналистикасы бағытының дамуына ықпал ету.
Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның міндеттері:
1) конкурстық комиссияны тарта отырып, екі кезеңдік конкурс өткізу туралы ережені әзірлеу және Грант берушімен келісу;
бекітілген тақырыптар бойынша зерттеу және талдау жұмыстарын жүргізу үшін 21 жастан 29 жасқа дейінгі 4 журналистерге 500 000 теңге мөлшерінде шағын гранттар беру;
2) болашақ зерттеу жобаларын одан әрі әзірлеу мақсатында 2 тақырып (зерттеу әдістемесі және деректермен жұмыс істеу) бойынша 4 оқыту тренингінен өтетін 20 жас журналистерді (10 мемлекеттік тілде, 10 орыс тілінде) іріктеу бойынша конкурстың бірінші кезеңін өткізу;
3) бағалау негізінде шағын гранттар беру үшін 4 жеңімпаз-журналистерді айқындау жөніндегі конкурстың екінші кезеңін өткізу
әзірленген болашақ зерттеу жобалары;
4) 2 менторды тарта отырып, журналистердің зерттеулер жүргізуін қамтамасыз ету;
5) шағын гранттардың іске асырылуын ақпараттық жария етуді, оның ішінде зерттеулер қорытындылары бойынша мақалалар сериясын шығару және БАҚ-та сөз сөйлеу, БАҚ үшін зерттеулердің аралық және қорытынды нәтижелерін таныстыруды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.