«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ» ММ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТЫ БЕРУГЕ ҚАЙТАДАН КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

 

1. Конкурс туралы

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) «Маңғыстауоблысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ басшысының «Үкіметтік емесұйымдар үшін 2026 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2026 жылғы «02» сәуірдегі №61-НҚ бұйрығы шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарға(бұдан әрі – ҮЕҰ) қысқа мерзімді мемлекеттікгрантты беруге қайтадан конкурс жариялайды.

Конкурс азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттікәлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарғаарналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Заңына (бұдан әрі – Заң), ҚазақстанРеспубликасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттардықалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардыңтиімділігін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848) сәйкесәлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелеріншешуге тарту мақсатында өткізіледі.

2. Қандай үкіметтік емес ұйымдар конкурсқақатыса алмайды

Төмендегідей нысанда құрылған коммерциялықемес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды:

1) саяси партиялар;

2) кәсіптік одақтар;

3) діни бірлестіктер;

4) дербес білім беру ұйымдары;

5) дербес кластерлік қорлар;

6) нотариаттық палаталар;

7) адвокаттар алқасы;

8) адвокаттық кеңселер;

9) Заң консультанттарының Республикалық алқасы;

10) Қазақстан Республикасының Ұлттықкәсіпкерлер палатасы;

11) Қазақстан Республикасының сот сарапшыларыпалатасы;

12) жеке сот орындаушыларының Республикалықпалатасы;

13) Қазақстанның Төрелік палатасы;

14) кәсіби аудиторлық ұйымдар;

15) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес;

16) көппәтерлі тұрғын үйлердің мүлкі меншікиелерінің бірлестіктері.

3. Оператор Қағидалардың 42-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайлардаконкурсқа қатысудан бас тартады және өтінішберушіге тиісті хабарлама жібереді.

4. Гранттардың басым бағыты бойынша конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:

1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдерболмағанда;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуіжіберілмегенде;

3) егер қысқа мерзімді гранттың бағыты бойынша бағалауға ұсынылған өтінімдердің бірде-біреуіконкурс сарапшыларының бағалауқорытындыларының нәтижелері бойынша еңжоғары жиынтық балл санының 50 (елу) пайызынан артық жинамаса, өтпеді деп танылады.

Гранттар бағыты бойынша конкурс өтпеді дептанылған жағдайда оператор өзінің интернет-ресурсында 2 (екі) жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде конкурс туралы хабарландырудықайта жариялайды.

5. Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты

Өтінімдер Операторға мынадай мерзімдердеенгізіледі:

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ГРАНТТАР БОЙЫНША 15 (ОН БЕС) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ 2026ЖЫЛҒЫ «22» МАМЫР МЕН «12»МАУСЫМ АРАЛЫҒЫНДА САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН;

КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚОЛМА-ҚОЛ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ КЕШІКТІРІЛІП ЕНГІЗІЛГЕН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.

6. Өтінімдерді жіберу қажет пошталық және электрондық мекенжайлар

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімдімынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:

Өтінімдер беру тәсіліне байланысты пошта байланысы немесе қолма-қол тапсыру арқылы, Documentolog.kz порталы арқылы, электрондықтасымалдағышта немесе электрондық поштаарқылы қабылданады:

1) Қағаз тасымалдағышта – келесі мекенжайбойынша қолма-қол немесе пошта арқылы:
Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 11/5 ғимарат, 5-қабат, 504/1-кабинет, пошталық индекс 010000.
2) Электрондық тасымалдағышта (флэш-карта) – WinRar, WinZip форматында мұрағатталған файл түрінде, құжаттардың сканерленген нұсқалары«PDF» және «MS Word» форматтарында.
3) Электрондық форматта – өтінімдероператордың электрондық поштасына жолданады:
ukriyad.mangistau@cisc.kz (WinRar/WinZipмұрағаты, «PDF» және «MS Word» форматтары).
Барлық жағдайларда өтінімдер нөмірленген, өтінішберушінің басшысы немесе сенім білдірілген тұлғақол қойған, мөрмен расталған, сондай-ақмемлекеттік гранттың басым бағыты, өтініш берушінің атауы және байланыс деректері көрсетілуі тиіс.

Өтінімдерді қабылдау уақыты қағаз және электрондық тасымалдағышта: дүйсенбі мен жұма аралығында (демалыс және мейрам күндерін қоспағанда) сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 12 маусым күні сағат 18:30-ға дейін жүзеге асырылады.

7. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Қағидалардың №7 қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім (сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029848#z440);

2) құрылтай құжаттарының көшірмелері (барлық өзгерістері мен толықтырулары қоса берілген жарғы, құрылтай шарты (бар болса), өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі).

8. Өтінім мемлекеттік орган бекітетін үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесі және Қағидалардың талаптары негізінде қалыптастырылады.

Ұсынылатын әлеуметтік жоба шығыстарының сметасы әлеуметтік жобаны іске асыруға тікелей байланысты шығындардан және өтінімде көрсетілген жоспарланған іс-шаралардан қалыптастырылады.

9. Қосымша ақпарат және консультация алу

Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдау барысындағы кез-келген уақытта +7 7172 790872, +7 7172 790807, +7 7172 790828 телефоны және ukriyad.mangistau@cisc.kz электрондық поштасы арқылы консультация бере алады.

10. ҮЕҰ-ға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесі

2026 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың және оған қосымшаның көшірмесі «Маңғыстау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ ресми сайтында орналастырылған:

https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-history?lang=kk

Ескерту: Оператор өтінімдерді Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне қарауы бойынша қорытындыны және Конкурстық комиссия хаттамасынан үзіндіні Қағидаларға сәйкес Оператордың интернет-ресурс сайтында орналастырылатын болады.