«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
БАЙЗАҚ АУДАНЫ ҮЛГІЛІ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАУ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛДЫҚ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРЫ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ГРАНТ БЕРУГЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
- Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1192 қаулысына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылатын коммерциялық емес ұйым.
- Конкурс туралы
«Жамбыл облысының жастар ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің тапсырысы бойынша Оператор Жамбыл облысының «Күшті қоғам – қуатты Қазақстан» XII өңірлік Азаматтық форумы шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғамды тарту мақсатында «Жамбыл облысының Байзақ ауданы Үлгілі ауылы тұрғындарының азаматтық бастамаларын қолдау» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде Жамбыл облысының үкіметтік емес ұйымдары (бұдан әрі – ҮЕҰ) үшін мемлекеттік емес гранттар беруге Конкурс жариялайды.
- Мемлекеттік емес грантты іске асыру мерзімі: шарт жасалған сәттен бастап 2025 жылғы «30» қарашаға дейін 3 айдан кем емес.
- 1 (бір) мемлекеттік емес грант сомасы: 4 500 000 (төрт миллион бес жүз мың) теңге.
Мемлекеттік емес грант үкіметтік емес ұйым үшін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, үкіметтік емес ұйым кеңсесін жалға алуға, жалақыға, іссапар шығыстарына, сондай-ақ өзге де әкімшілік шығыстарға арналған шығыстарды көздемейді.
- Мемлекеттік емес грантты іске асыру аумағы: Жамбыл облысы Байзақ ауданының Үлгілі ауылы.
- Мемлекеттік емес грантты іске асырудан күтілетін нәтижелер
1) Ауылдағы өмір сүру жағдайларын жақсарту жөнінде ұсыныстар жинау үшін кемінде 50 тұрғынның қатысуымен қоғамдық талқылау жүргізу.
2) Одан әрі жергілікті атқарушы органға бере отырып, жергілікті халықтың қатысуымен кемінде 1 бастаманы (мысалы, қоғамдық аумақты және балалар алаңын абаттандыру, т.б.) қолдау және іске асыру.
3) Бастамаларды іске асыруға жастарды қоса алғанда, кемінде 50 адамды тарту.
4) Азаматтық бастамаларды әзірлеу және іске асыру тақырыбы бойынша ауылдың кемінде 30 белсенді тұрғыны үшін кемінде 1 оқыту іс-шарасын өткізу.
- Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
Конкурсқа қатысуға Жамбыл облысының ауылдық елді мекендерінде тіркелген («Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» ҚР Заңына сәйкес қалалық елді мекендерге республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ кенттер жатады):
1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы» ҚР Заңының 5-1-бабына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер қамтылған;
2) тарату процесінде болмаған, банкрот деп танылмаған;
3) атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі жоқ;
4) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрмаған;
5) мүлкіне тыйым салынбаған;
6) экономикалық қызметі тоқтатылмаған;
7) басшылары, құрылтайшылары террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілмеген;
8) басшылары, құрылтайшылары Тапсырыс берушінің және (немесе) Оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылмайтын;
9) мемлекеттің және (немесе) мемлекеттік органдардың ұйымның жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысуы жоқ;
10) Оператор алдындағы алдыңғы шарттық міндеттемелерді адал орындайтын (Оператор грантын іске асыру тәжірибесі болған жағдайда) үкіметтік емес ұйымдар жіберіледі.
- Үкіметтік емес ұйымдардың Конкурсқа қатысуға өтінімдерін тексеру және Грант алушыларды айқындау 2 кезеңде жүзеге асырылады:
Бірінші кезең: Конкурс талаптарына сай техникалық сәйкестікке өтінімдерді тексеру;
Екінші кезең: бірінші кезеңнен өткен өтінімдерді бағалау, сараптама комиссиясының отырысын өткізу және Грант алушыны айқындау.
- Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕР ОПЕРАТОРҒА 2025 ЖЫЛҒЫ «12» МАУСЫМ МЕН «02» ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА Қ. УАҚЫТЫ БОЙЫНША САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН ЕНГІЗІЛЕДІ.
КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН КЕЙІН ЕНГІЗІЛЕТІН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.
Оператордың өтінімдерді қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында Астана қ. уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
- Конкурсқа қатысу үшін өтініш беруші ұйымның атауы мен контактілері көрсетілген қажетті құжаттарды тек электрондық форматта мұрағатталған WinRAR/WinZip файлында pdf форматында ulguli_zhambul25@cisc.kz электрондық поштасына жіберу арқылы енгізеді.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Конкурсқа қатысу үшін өтініш беруші Операторға қабылдау аяқталған күн мен уақыттан кешіктірмей «Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылы тұрғындарының азаматтық бастамаларын қолдау» әлеуметтік жобасы шеңберінде үкіметтік емес ұйымға мемлекеттік емес грант беру конкурсын өткізу туралы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес (бұдан әрі – Конкурс өткізу туралы ереже) құрылтай құжаттарының көшірмесін (egov сайтынан тіркелген заңды тұлға туралы анықтаманы, ережені немесе жарғыны, егер өтінімге өтініш берушінің атқарушы органының басшысы қол қоймаса – басшының атынан сенімхат) қоса бере отырып, Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік емес гранттар беру конкурсына қатысуға өтінімді енгізеді.
Сонымен қатар, әлеуметтік жобаны сараптама комиссиясы Конкурс өткізу туралы ереженің 2-қосымшасында көзделген бағалау критерийлері бойынша бағалайтынына назар аударамыз. Конкурстық комиссияның іріктеу процесімен және қызметімен Конкурс өткізу туралы ережеде толығырақ танысуға болады. Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдаудың барлық уақытында кеңес береді. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Операторға (7172)79-04-31 телефоны бойынша хабарласыңыз.
- Конкурсқа қатысуға:
1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы» ҚР Заңының 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер жоқ;
2) тарату процесінде болған, банкрот деп танылған;
3) атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар;
4) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрған;
5) мүлкіне тыйым салынған;
6) экономикалық қызметі тоқтатылған;
7) басшылары, құрылтайшылары террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген;
8) басшылары, құрылтайшылары Тапсырыс берушінің және (немесе) Оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылатын;
9) мемлекеттің және (немесе) мемлекеттік органдардың ұйымның жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысуы бар;
10) Оператор алдындағы алдыңғы шарттық міндеттемелерді адал орындамаған (Оператор грантын іске асыру тәжірибесі болған жағдайда) үкіметтік емес ұйымдар жіберілмейді.
- Конкурсқа қатысуға келесі өлшемшарттарға жауап беретін:
1) өтінім Конкурс өткізу туралы ереженің 1.2 – 1.7-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келген;
2) өтінім нысанына және Конкурс өткізу туралы ереженің 3.3-тармағында көрсетілген барлық құжаттардың қосымшасына толық сәйкес ресімделген;
3) Операторға Конкурс өткізу туралы ереженің 3.1-тармағында көрсетілген мерзімдерде енгізілген;
4) Конкурс өткізу туралы ереженің 2.1-тармағында көзделген өлшемдерге жауап беретін өтінімдер жіберіледі.