Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша конкурс (өтінімдерді қабылдау аяқталды)

 «АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ «АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ»ММ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН  МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ БЕРУГЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

  1. Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады.

  1. Конкурс туралы

Оператор «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттар беруге Конкурс жариялайды.

Конкурс «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848) сәйкес азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында өткізіледі.

  1. 2024 жылға мемлекеттік гранттар беруге арналған Конкурс мынадай басым бағыттар бойынша жарияланады:
Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Мәселенің қысқаша сипаттамасы Қаржыландыру көлемі (мың теңге) Грант түрі Нысаналы индикатор Материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптар

(ұзақ мерзімді гранттарды іске асыру кезінде ғана белгіленеді)

1. Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу Ақтөбе облысының Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру Ақтөбе облысында 885 ҮЕҰ тіркелген, оның ішінде 150-ге жуық ҮЕҰ ғана белсенді, бүгінгі таңда жұмыс істемейтін немесе таралу сатысында тұрған (уақытша жұмысын тоқтатқан) ұйымдарды жабу мәселесі өзекті.

Өңірдегі азаматтық қоғам институттарының қызметтерін насихаттау бойынша ақпараттық іс-шараларды өткізу қажеттілігі бар.

Ауылда азаматтық бастамалардың дамуы төмен деңгейде. Ауылдық ҮЕҰ-дың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс  аясындағы жобаларға және гранттық жобаларға қатысуға деген белсенділігі аз.

Белсенді жұмыс істейтін және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген қоғамдық ұйымдарды тиісті деңгейде ынталандыру қажет.

7 600,0 мың теңге 1 қысқа мерзімді грант Нысаналы индикатор:

Ақтөбе облысының кемінде 250 үкіметтік емес ұйымын мемлекеттік қолдау туралы хабардарлықты арттыру

 

Күтілетін нәтиже:

1) ҮЕҰ үшін Ақтөбе облысында өңірлік ресурстық орталық ашу және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

2) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа және гранттық қаржыландыруға өтінімдер дайындау, сыйлықақы алуға құжаттарды дайындау, жұмыс істемейтін және таралу сатысында тұрған ҮЕҰ жабу мәселелері бойынша өңірлік ресурстық орталықта кемінде 200 азаматтарға құқықтық, консультациялық көмек жүргізу (тіркеу журналын жүргізу);

3) ҮЕҰ-ға тарату және әлеуметтік желілерде орналастыру мақсатында төмендегі 3 бағыт бойынша 150 брошюра және 3 сапасы жоғары бейне нұсқаулық әзірлеу:

– ҮЕҰ есептерін деректер базасына тапсыру бойынша (50 брошюра, 1 бейне нұсқаулық);

Жұмыс істемейтін ҮЕҰ-ды жабу мәселесі бойынша (50 брошюра, 1 бейне нұсқаулық);

– Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен гранттарға қатысу мәселесі бойынша және мемлекеттік сатып алу порталындағы жұмыс бойынша (50 брошюра, 1 бейне нұсқаулық).

4) Білікті тренер мен «Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ өкілін қатыстыра отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларға бағалау жүргізу, мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс ойнату, веб-порталмен жұмыс, техникалық ерекшеліктерді сапалы әзірлеу мәселелері, сарапшылар кеңесін құру және т.б. бойынша мемлекеттік орган қызметкерлеріне және сарапшылар кеңесі мүшелеріне оқыту семинар өткізіледі;

5) Спикерді тарта отырып кемінде 70 қатысушымен ҮЕҰ-дың өңірлік конференциясы ұйымдастырылады, Ақтөбе облысының белсенді қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік қызметшілер марапатталады;

6) Ақтөбе облысының кемінде 2 ауданында білікті тренерді тарта отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен гранттарға қатысу туралы кемінде 40 ауылдық ҮЕҰ-ға көшпелі оқыту ұйымдастыру;

7) Азаматтық қоғам өкілдерінің қаржылық сауатылығын артыру мақсатында іс-шара өткізу.

2. Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту Ақтөбе облысында қоғамдық қарым-қатынас саласында медиацияны дамыту Мемлекет басшысы дауларды шешудің баламалы тәсілдерін, яғни мемлекеттің қатысуынсыз дамыту қажеттігі туралы үнемі айтып отырады. Мұндай институттар дамыған елдерде жақсы жұмыс істейді. АҚШ пен Сингапурда даулардың 90 %-ы соттан тыс шешіледі.

Медиатор дауларды шешеді және түрлі салалардағы тараптарды бітімгершілікке келтіреді.

Осыған орай, халықтың әр түрлі топтары арасында  қоғамдық қарым-қатынас саласындағы кикілжіңдерді шешудегі медиацияның рөлі туралы және тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша  хабардар етіп, ақпараттандыруды күшейту қажет.

Бүгінгі таңда аудан орталықтарында жұмыс істеп тұрған Медиация кабинеттеріндегі медиаторлардың біліктілігін артыру қажет.

Әр түрлі салалардағы даулардың, жанжалдардың көбеюін ескере отырып, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру қажет.

5 500,0 мың теңге 1 қысқа мерзімді грант Нысаналы индикатор:

Жоба шеңберінде Ақтөбе облысының кемінде 150 тұрғыны қамтылады, ақпараттық қамту кемінде 10 мың қаралымды құрайды

 

Күтілетін нәтиже:

1) Қала және аудан орталықтарында жұмыс істеп тұрған медиация кабинеттерінің қызметін жетілдіру мақсатында сертификатталған тренерлерді тарта отырып, Ақтөбе қаласының және 12 ауданның кемінде 30 медиаторына арналған кемінде 2 күндік офлайн оқытуды ұйымдастыру;

2) Арнайы курстан өткен 2  этномедиаторды тарта отырып, азаматтық қоғам өкілдеріне және мемлекеттік органдарға 3 күндік этномедиация курсын ұйымдастыру (кемінде 40 қатысушы);

3) Сертификатталған тренерді тарта отырып, дау-дамайларды шешу және реттеу бойынша мемлекеттік қызметкерлерге кемінде 20 қатысушымен оқыту ұйымдастыру;

4) Халықтың әртүрлі топтары арасындағы қоғамдық қатынастар саласындағы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жанжалдарды шешудегі медиацияның рөлі туралы хабардар ету мақсатында білікті тренерді тарта отырып Ақтөбе облысының 2 ауданда семинар-тренинг өткізу;

5) Қоғамдық қатынастар дауларын шешуде, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерінде және т.б. медиацияның рөлі туралы ақпарат дайындау және әлеуметтік желілерде орналастыру.

 

 

 

 

Барлығы 2024 жылға 13 100,0 тенге    

 

  1. Қандай үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды

Төмендегідей нысанда құрылған коммерциялық емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды:

1) саяси партиялар;

2) кәсіптік одақтар;

3) діни бірлестіктер;

4) дербес білім беру ұйымдары;

5) дербес кластерлік қорлар;

6) нотариаттық палаталар;

7) адвокаттар алқасы;

8) адвокаттық кеңселер;

9) Заң консультанттарының республикалық алқасы;

10) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

11) Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасы;

12) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы;

13) Қазақстанның Төрелік палатасы;

14) кәсіби аудиторлық ұйымдар;

15) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес;

16) көппәтерлі тұрғын үйлердің мүлкі меншік иелерінің бірлестіктері.

  1. Қағидалардың 39тармағына сәйкес Оператор келесі жағдайларда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:

1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;

2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмесе;

3) өтініш берушінің жарғылық мақсаты гранттардың басым бағытына сәйкес келмесе;

4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында ілтеме: infonpo.gov.kz) өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса;

5) егер өтініш беруші тарату процесінде болса;

6) егер өтініш беруші банкрот деп танылса;

7) егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болса;

8) егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

9) егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;

10) егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрса;

11) егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;

12) егер өтініш берушілердің басшылары, құрылтайшылары террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілсе.

  1. Гранттардың басым бағыты бойынша Конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:

1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмегенде;

3) конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар болмағанда.

  1. Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты

Өтінімдер Операторға мынадай мерзімдерде енгізіледі:

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ГРАНТТАР БОЙЫНША 15 (ОН БЕС) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ 2024 ЖЫЛҒЫ «22» АҚПАН МЕН «14» НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ УАҚЫТЫ БОЙЫНША САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН;

КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН КЕШІКТІРІЛІП, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚОЛМА-ҚОЛ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.

  1. Өтінімдер жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайлар

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:

Өтінімдер беру тәсіліне байланысты пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы қағаз немесе электрондық тасымалдағышта беріледі:

1) қағаз нұсқада өтінімдер мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.

Өтінімдерге қол қойылуы, тігілуі, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген адамның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді қағаз нұсқада қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00 мен 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

2) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағытын, өтініш берушінің атауын және байланыстарын көрсете отырып, мұрағатталған бірыңғай WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында электрондық тасымалдағышта ubp-aktobe@cisc.kz электрондық поштасына өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.

Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді электрондық тасымалдағышта қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00 мен 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

3) Мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, электрондық форматта ubp-aktobe@cisc.kz электрондық поштасына мұрағатталған WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында жіберіледі.

Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді қабылдау уақыты өтінімдерді қабылдау күндері тәулік бойы және өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні сағат 18.30-ға дейін.

  1. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Қағидалардың №7 қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар үшін қысқа мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848);

2) құрылтай құжаттарының көшірмелері (барлық өзгерістері мен толықтырулары қоса берілген жарғы, құрылтай шарты (бар болса), өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі және өтініш берушінің басшысының жеке басын куәландыратын құжаты).

3) өтінімнің «Әлеуметтік жобаның серіктестері» (серіктестердің хаттары), «Іске асырылған негізгі жобалар мен бағдарламалар» (көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері. Әлеуметтік жобалар шетелдік көздер есебінен іске асырылған жағдайда және гранттар Оператор арқылы іске асырылған жағдайда – әлеуметтік жобаның іске асырылуын растайтын шарттардың және өзге де құжаттардың көшірмелері) жолдары толтырылған жағдайда.

  1. Қосымша ақпарат және консультация алу

Конкурстық іріктеу үдерісімен және сараптамалық комиссия қызметімен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларында толығырақ танысуға болады.

Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдау барысындағы кез-келген уақытта консультация бере алады. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Операторға келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:

1) өтінім беру мәселелері бойынша келесі телефон арқылы: +7 (7172) 79 08 72, 79 04 31;

2) «Әлеуметтік жобаның мақсаты», «Әлеуметтік жобаның міндеттері», «Әлеуметтік жобаның сипаттамасы: іске асыру тетіктері (әдістері)», «Жоба туралы презентация (сілтеме)», «Әлеуметтік жобаны іске асыру аумағы», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың басталу күні», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың аяқталу күні», «Әлеуметтік жобаның нысаналы топтары», «Нысаналы индикаторларды орындауға бағытталған әлеуметтік жобаның нәтижелері», «Әлеуметтік жобаның әріптестері», «Әлеуметтік жобаны ақпараттық сүйемелдеу қалай ұйымдастырылады», «Күнтізбелік жоспар» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 04, 79 08 03, 79 04 30;

3) «Әлеуметтік жобаның шығындар сметасы» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 28;

4) ubp-aktobe@cisc.kz электрондық поштасы арқылы.

  1. ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесі

Конкурс «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ басқарма басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған 2024 жылға мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «19» ақпандағы № 06-3154 бұйрығы шеңберінде өтеді.

Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың және оған қосымшаның көшірмесі «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ ресми сайтында орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/documents/details/610785?lang=kk

Құжаттар:

Бұйрық

Өтініш үлгісі

Басым бағыттары

Шарт

Қосымша 1 (1)

Қосымша 2 (1)

Қосымша 3 (1)

Қосымша 4 (1)

Қосымша 5 (1)

Қосымша 6 (1)

Қосымша 7 (1)

Қосымша 8 (1)

Әдістемелік ұсынымдар