Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысы бойынша конкурс (өтінімдерді қабылдау аяқталды)

«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ «АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ» ММ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ БЕРУГЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

 

  1. Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады.

 

  1. Конкурс туралы

Оператор «Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттар беруге Конкурс жариялайды.

Конкурс «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848) сәйкес азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында өткізіледі.

 

  1. 2024 жылға мемлекеттік гранттар беруге арналған Конкурс мынадай басым бағыттар бойынша жарияланады:
Заңның 5-бабының
1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы
Мемлекеттік гранттың басым бағыты Мәселенің қысқаша сипаттамасы Қаржыландыру көлемі (мың теңге) Грант түрі Нысаналы индикатор
1 Қоршаған ортаны қорғау

 

 

Ақтау қаласы тұрғындарының жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға ықпал ету Қаламыздың көшелерінде орналасқан жаяу жүргіншілер отыратын орындықтары мен теңіз жағалауындағы инфрақұрлымы сондай-ақ, шағын аудандардағы тұрғын үй алдындағы балалар ойын алаңдары және көше жарық шамдары тұрғындар арасындағы вандализм салдарынан бұзылуда. 2022 жылы вандализм салдарынан теңіз жағалауының инфрақұрылымы атап айтқанда 15 шағын аудандағы амфитеатр алаңының қоршауы            4 мәрте бұзылғандығы, сонымен қатар, 4а шағын ауданындағы жартас бойымен жүргізілген жаяу жүргінші жолы 3 рет бұзылғандығы және тұрғын үй аулаларындағы 5 балалар ойын алаңдары   вандализмге ұшырағандығы анықталды.           2023 жылы 15 шағын аудандағы амфитеатр алаңының қоршауы               3 мәрте бұзылған, 4а шағын ауданындағы жартас бойымен жүргізілген жаяу жүргінші жолы         2 рет бұзылғандығы және тұрғын үй аулаларындағы 3 балалар ойын алаңдары, сонымен қатар, 1 автобус аялдамасы вандализм салдарынан бұзылғаны анықталды.

Өткен жылы аталған мәселелердің алдын алуға бағытталған бірнеше қоғамдық-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды және жалпы қала халқының белсенділігі байқалды. Мәселен, вандализмнің алдын алу және қаламыздың көрікті жерлерін жарнамалау мақсатында «Aktau Mobilography Fest» фестивалі, «Caspiy winter eco fest» экологиялық фестивалі, «Үздік аула» қоғамдық акциясы  өткізіліп, әлеуметтік маңыздылығын көрсетті. Қазіргі таңда қала тұрғындарының оның ішінде жастарының бойында экологиялық және көше мәдениетін қалыптастыруға бағытталған қоғамдық бастамаларды ынталандыру, әуесқой және кәсіби сарапшыларды жұмылдыру, вандализмге төзбеушілікті жалпыхалықтық сипатқа айналдыру міндеті өзекті.

9 500 000 Қысқа мерзімді

1 грант

Нысаналы индикаторлар:

Ақтау қаласының экологиясы мен қоғамдық мүлікін сақтауға бағыталған іс-шараларды ұйымдастыру арқылы кемінде 3000 адамды қамту (оффлайн)

Күтілетін нәтижелер:

1)   Қала тұрғындарын шағын аудандардағы тұрғын үйлерінің аулаларын таза ұстау, абаттандыруға жұмылдыру және оларды ынталандыруға бағытталған кемінде 30 азаматтың қатысуымен кемінде 5 аталым (номинация) бойынша жалпы қалалық байқау ұйымдастыру;

2)   Қаладағы жалпы білім беру ұйымдарындағы кемінде 100 оқушының қатысуымен экологиялық жобалар байқау ұйымдастыру және кемінде 25 жастан тұратын экобелсенділер (еріктілер) тобын құру;

3)   Ақтау қаласының кемінде 500 эко-белсендісінің қатысуымен ауқымды жаздық іс-шара ұйымдастыру;

4)   Қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және вандализмнің алдын алуға бағытталған кемінде        30 мобилограф мамандарының қатысуымен әртүрлі тақырыпта ай сайын (жалпы саны 5-тен кем емес) бейнероликтер байқауын ұйымдастыру;

5)   Кемінде 2 республикалық сарапшының және 300 адамның қатысуымен Ақтау қаласының экология мен урбанистика саласының мәселелері жөнінде қорытынды жиын ұйымдастыру.

 

 

2 Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу Отбасы институтын нығайту Отбасыларды қолдау, нығайту және қорғау, отбасылар мен олардың мүшелерінің физикалық, зияткерлік, рухани, адамгершілік дамуына ықпал ететін қажетті жағдайлар жасау, ананы, әкені және баланы қорғау мемлекеттік отбасылық саясаттың мақсаты болып табылады.

Қоғамдағы отбасы институтының әлсіреуі – ажырасу және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың артуына, балалар арасындағы психикалық ауытқулардың жиі пайда болуына әкеліп отыр. Сондай-ақ ата-ана мен бала, ана мен қыз, әке мен бала арасындағы қарым-қатынас орнатудағы қиындықтарды әлеуметтік жағымсыз құбылыстарға әкеп соғуда.

Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасына отбасылық-тұрмыстық салада 2022 жылы 423, 2023 жылы 343 шағым түскен.  2022 жылы 1088 тұлға, 2023 жылы 1398 тұлға қорғау нұсқамасы санатымен профилактикалық есепке қойылған.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесін 2022 жылы 14 әйел, 42 бала барлығы 56 адам, 2023 жылы 30 әйел, 95 бала барлығы 125 адам паналады.

Жоғары да көрсетілген деректер қала көлемінде ата-аналармен жұмыс жүргізу, өмірлік қиындыққа тап болған әйелдерге көмек көрсету, әйел көшбасшылығын дамытумен қатар ер-азаматтардың жауапкершілігін күшейту бағытында іс-шараларды ұйымдастыруды жүйелендіру қажеттілігін көрсетіп отыр.

 

10 000 000 Қысқа мерзімді

1 грант

Нысаналы индикатор:

Отбасы институтын нығайту және отбасылық мәселелердің алдын алуға бағытталған іс-шараларға кемінде 1000 адамды тарту

Күтілетін нәтижелер:

1.   Ақтау қаласы әкелерінің рөлін нығайту, әке мен баланың қарым-қатынасын жетілдіруге бағытталған кемінде 600 адамның қатысуымен республикалық сарапшыларды тарта отырып, қалалық ақпараттық жиын өткізу;

2.   Ақтау қаласындағы кемінде 300 әлеуметтік осал топқа жататын аналарды жігерлендіруге бағытталған республикалық сарапшыларды тарта отырып кемінде 2 қалалық бетпе бет кездесу ұйымдастыру;

3.   Ақтау қаласының жасөспірімдері мен жастары арасындағы әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың (нашақорлық пен ойынқұмарлық, ерте жүктілік, суицид) алдын алуға бағытталған республикалық, халықаралық олимпиада, спорттық шаралардың жеңімпаздарын (оқушыларды) тарта отырып кемінде 200 адамның қатысуымен 2 ірі іс-шара ұйымдастыру;

4.   Тұрмыстық немесе физикалық зорлық-зомбылық көрген 50 әйелдің құқықтық және қаржылық, менталды сауаттылығын арттыру мақсатында ауқымды 2 оффлайн оқыту шарасын өткізу;

5.   Қала әйелдерін өз ісін ашуға ынталандыруға бағытталған кемінде 50 адамның қатысуымен кемінде 4 бағыттағы (мысалы, кондитер, шаштараз, маникюр, массаж, тігін және т.б.) оффлайн шеберлік сағатын ұйымдастыру.

3 Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын заңды мүдделерін қорғау

 

 

Халықтың қаржылық, құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру

 

Бүгінгі таңда қала тұрғындарының ең өзекті мәселесі – қаржылық, құқықтық сауаттылықтың төмендігінің салдарынан қаржы пирамидаларына, тез берілетін айлыққа дейінгі жылдам ақша кредиттік берешекке (ДЗП), қаржылық құмарлыққа тартатын лудомания ауруына шалдығу. Аталған  себеп-салдарынан  тұрғындар арасында агрессиялық көңіл-күй, әлеуметтік шиеленіс факторлары  орын алуда. 

Сонымен қатар, құқықтық сауаттылықтың жеткіліксіз деңгейі азаматтардың құқықтарының бұзылуына әкеп соғады, ал жазасыздық сезімі тәртіпсіздікке және заңнаманың бұзылуына және өзге де заңсыз әрекеттерге әкеп соғады.

Қазіргі таңда белгілі және тәжірибелі спикерлерді тарта отырып, тұрғындардың қаржылық, құқықтық сауаттылығын арттыру, қала халқының құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша кешенді жұмыстарды жүргізу қажет.

 

10 000 000 Қысқа мерзімді

1 грант

Нысаналы индикатор:

Ақтау қаласының кемінде 3500 тұрғынын қамту арқылы қаржылық, құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру

 

Күтілетін нәтижелер:

1)   Ақтау қаласының кемінде 2500 тұрғынын қамту арқылы республикалық спикерлердің қатысуымен 5 оффлайн  кездесу (қаржылық сауаттылық, құқықтық сауаттылық, психология)  сериясын ұйымдастыру;

2)   Азаматтардың құқықтық, қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған кемінде 3 анимациялық видеоролик әзірлеу және тарату;

3)   Жергілікті спикерлердің қатысуымен 3 (қаржылық сауаттылық, құқықтық сауаттылық, психолог мамандары) кездесу ұйымдастыру, кем дегенде 1000-нан кем емес тұрғынды қамту

4 Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау Ақтау қаласының жастары мен жасөспірімдеріне әскери-патриоттық тәрбие беру Жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес азаматтардың жоғары патриоттық санасын, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, патриоттық тәрбие жүйесін  дамыту арқылы ұлттық мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға тәрбиелеу еліміздің стратегиялық міндеті болып табылады.

Қазіргі таңда қоғамда әскери-патриоттық тәрбие беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге сұраныс артып, білім беру мекемелерінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру сапасын арттыру қажеттілігі туындауда.

Ақтау қаласы бойынша 2023 жылы 18-27 жас аралығында 278 азамат  сарбаз аттанды. Одан бөлек 18-27 жас аралығында 104 азамат әскерге жарамсыз деп танылып, 330 азамат мерзімді әскери қызметтен жалтарып жүр. Жоғарыда көрсетілген деректер қала жастары мен жасөспірімдерінің арасында патриоттық құндылықтарды насихаттау жұмыстарын жүйелендіру қажеттілігін көрсетіп отыр.

 

10 000 000 Қысқа мерзімді

1 грант

Нысаналы индикатор:

Ақтау қаласы жасөспірімдерін отан сүйгіштікке баулуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру арқылы кемінде 1 000 мектеп оқушысын және колледж студенттерін қамту

 

Күтілетін нәтижелер:

1)   Жалпы білім беру ұйымдарының кемінде 150 оқушысының қатысуымен әскери дайындық бойынша (жалпы әскери жаттығулар жасау, саптық дайындық жүргізу, пәрмен беру, қарулы күштері түрлерінің қолдану  тәсілдерін меңгеруі, алғашқы медициналық көмек) мектепшілік сайыстар өткізу;

2)   Ақтау қаласындағы 15  колледжден кемінде 100 студент және әскери бөлім өкілдерінің қатысуымен 3 күндік әскери патриоттық дала жиынын (әскери лагерь) өткізу және ұйымдастыру;

3)   Білім беру мекемелерінің оқушылары және (немесе) колледж студенттерінің кемінде 150 оқушысына/студентіне арналған кемінде 3 әскери бөлімге экскурсия өткізу;

4)   Ақтау қаласының кемінде 20 мектебінің қатысуымен тарихи тұлғалардың өмірінен шағын көріністер байқауын өткізу;

5)   Ақтау қаласының кемінде 2000 тұрғынының қатысуымен әскери техникалар мен қарулар көрмесін қоса отырып, ауқымды іс-шара  өткізу (әскери-патриоттық әндер байқауы, әскери оркестр, әскери техникалар мен қарулардың көрмесі);

 

Барлығы 39 500 000

 

  1. Қандай үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды

Төмендегідей нысанда құрылған коммерциялық емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды:

1) саяси партиялар;

2) кәсіптік одақтар;

3) діни бірлестіктер;

4) дербес білім беру ұйымдары;

5) дербес кластерлік қорлар;

6) нотариаттық палаталар;

7) адвокаттар алқасы;

8) адвокаттық кеңселер;

9) Заң консультанттарының Республикалық алқасы;

10) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

11) Қазақстан Республикасының сот сарапшылары палатасы;

12) жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы;

13) Қазақстанның Төрелік палатасы;

14) кәсіби аудиторлық ұйымдар;

15) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес;

16) көппәтерлі тұрғын үйлердің мүлкі меншік иелерінің бірлестіктері.

 

  1. Қағидалардың 39тармағына сәйкес Оператор келесі жағдайларда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:

1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;

2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмесе;

3) өтініш берушінің жарғылық мақсаты гранттардың басым бағытына сәйкес келмесе;

4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында ілтеме: infonpo.gov.kz) өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса;

5) егер өтініш беруші тарату процесінде болса;

6) егер өтініш беруші банкрот деп танылса;

7) егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болса;

8) егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

9) егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;

10) егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрса;

11) егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;

12) егер өтініш берушілердің басшылары, құрылтайшылары террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілсе.

 

  1. Гранттардың басым бағыты бойынша Конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:

1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмегенде;

3) конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар болмағанда.

 

  1. Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты

Өтінімдер Операторға мынадай мерзімдерде енгізіледі:

 

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ГРАНТТАР БОЙЫНША 15 (ОН БЕС) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ 2024 ЖЫЛҒЫ «15» АҚПАН МЕН «06» НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ УАҚЫТЫ БОЙЫНША САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН;

КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН КЕШІКТІРІЛІП, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚОЛМА-ҚОЛ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.

 

  1. Өтінімдер жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайлар

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:

Өтінімдер беру тәсіліне байланысты пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы қағаз немесе электрондық тасымалдағышта беріледі:

1) қағаз нұсқада өтінімдер мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.

Өтінімдерге қол қойылуы, тігілуі, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген адамның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді қағаз нұсқада қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00 мен 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

 

2) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағытын, өтініш берушінің атауын және байланыстарын көрсете отырып, мұрағатталған бірыңғай WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында электрондық тасымалдағышта uvp.aktau@cisc.kz  электрондық поштасына өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.

Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді электрондық тасымалдағышта қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00 мен 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

 

3) Мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, электрондық форматта uvp.aktau@cisc.kz  электрондық поштасына мұрағатталған WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында жіберіледі.

Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді қабылдау уақыты өтінімдерді қабылдау күндері тәулік бойы және өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні сағат 18.30-ға дейін.

 

  1. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Қағидалардың №7 қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар үшін қысқа мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848);

2) құрылтай құжаттарының көшірмелері (барлық өзгерістері мен толықтырулары қоса берілген жарғы, құрылтай шарты (бар болса), өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі және өтініш берушінің басшысының жеке басын куәландыратын құжаты).

3) өтінімнің «Әлеуметтік жобаның серіктестері» (серіктестердің хаттары), «Іске асырылған негізгі жобалар мен бағдарламалар» (көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері. Әлеуметтік жобалар шетелдік көздер есебінен іске асырылған жағдайда және гранттар Оператор арқылы іске асырылған жағдайда – әлеуметтік жобаның іске асырылуын растайтын шарттардың және өзге де құжаттардың көшірмелері) жолдары толтырылған жағдайда.

 

  1. Қосымша ақпарат және консультация алу

Конкурстық іріктеу үдерісімен және сараптамалық комиссия қызметімен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларында толығырақ танысуға болады.

 

Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдау барысындағы кез-келген уақытта консультация бере алады. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Операторға келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:

1) өтінім беру мәселелері бойынша келесі телефон арқылы: +7 (7172) 79 08 72, 79 04 31;

2) «Әлеуметтік жобаның мақсаты», «Әлеуметтік жобаның міндеттері», «Әлеуметтік жобаның сипаттамасы: іске асыру тетіктері (әдістері)», «Жоба туралы презентация (сілтеме)», «Әлеуметтік жобаны іске асыру аумағы», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың басталу күні», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың аяқталу күні», «Әлеуметтік жобаның нысаналы топтары», «Нысаналы индикаторларды орындауға бағытталған әлеуметтік жобаның нәтижелері», «Әлеуметтік жобаның әріптестері», «Әлеуметтік жобаны ақпараттық сүйемелдеу қалай ұйымдастырылады», «Күнтізбелік жоспар» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 04, 79 08 03, 79 04 30;

3) «Әлеуметтік жобаның шығындар сметасы» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 28;

4) uvp.aktau@cisc.kz электрондық поштасы арқылы.

 

  1. ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесі

Конкурс «Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бөлімі басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған 2024 жылға мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «13» ақпандағы № 11-нқ бұйрығы шеңберінде өтеді.

 

Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың және оған қосымшаның көшірмесі «Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ ресми сайтында орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/documents/1?lang=ru

 

Құжаттар:

Бұйрық

Гранттық қаржыландыру жоспары

Қосымша 7

 

Шарт

Қосымша 1 (1)

Қосымша 2 (1)

Қосымша 3 (1)

Қосымша 4 (1)

Қосымша 5 (1)

Қосымша 6 (1)

Қосымша 7 (1)

Қосымша 8 (1)

 

Әдістемелік ұсынымдар