Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 106-н/қ «2026 жылға үкіметтік емес ұйымдарына арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттары туралы тізбені бекіту» туралы бұйрығы негізінде 2026 жылғы 5 наурызда жарияланған мемлекеттік гранттар конкурсы шеңберінде грантқа өтініш берушілер арасынан келіп түскен шағымды қарау мақсатында өткен конкурстық комиссия отырысының 2026 жылғы 14 мамырдағы № 12/1 хаттамасынан үзінді

Конкурстық комиссия Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 34 тармағының 1) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 12 хаттамамен рәсімделген «Жастар саясатын және балалар бастамаларын қолдау» саласындағы «Мейірімді Жетісу» фронт-офисінің қызметін ұйымдастыру және Жетісу облысында жастардың волонтерлік қозғалысын дамыту» басым бағыты бойынша конкурстық комиссияның көпшілік дауысымен шешімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады.