«Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың Жамбыл облысы бойынша 2026 жылға арналған басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» «Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 2 сәуірдегі        № 24-Н/Қ бұйырғы негізінде 2026 жылғы 19 сәуір күні жарияланған мемлекеттік гранттар конкурсы шеңберінде грантқа өтініш берушілер арасынан жеңімпазды іріктеу мақсатында өткен Конкурстық комиссия отырысының 2026 жылғы 12 маусымдағы № 25 хаттамасынан үзінді

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі

№ 406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, олардың тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау қағидаларының

32-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттың жеңімпазы болып мынадай үкіметтік емес ұйым айқындалсын:

 

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1

 

Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау Жастардың шығармашылық идеяларын қолдау және кеңес беру бойынша «BAGYT» орталығын ұйымдастыру қысқа мерзімді «Ақ сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігі
2 Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу Жамбыл облысының Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру қысқа мерзімді «Жамбыл облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі