Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, олардың тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау қағидаларының
32-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттың жеңімпазы болып мынадай үкіметтік емес ұйым айқындалсын:
| № | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Іске асырылу мерзімі | Ұйым атауы |
| 1 | Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту | Этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған кешенді іс-шараларды ұйымдастыру | қысқа мерзімді | «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігі |
| 2 | Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу | Азаматтық қоғам институттарының әлеуетін дамытуға және нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру | қысқа мерзімді | «Жамбыл облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі |