Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, олардың тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау қағидаларының
32-тармағына сәйкес төменде көрсетілген мемлекеттік гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:
| № | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Іске асырылу мерзімі | Ұйым атауы |
| 1 | Қоршаған ортаны қорғау | Каспий итбалықтарының популяциясын қорғау мәселелері бойынша жергілікті қауымдастықтар арасында әлеуметтанулық зерттеу жүргізу | қысқа мерзімді | «ECO-SOCIAL» қоғамдық бірлестігі |
| Каспий итбалығын сақтау мәселелері бойынша жастарды экологиялық ағарту және тарту | қысқа мерзімді | «Жағымды жаңалық» қоғамдық қоры |