Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша оқыту өтті

Жарияланған күні: 17.09.2026


17 қыркүйекте «Мүдделер қақтығысы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және беделдік тәуекелдер: құқықтық аспектілері мен салдары» тақырыбында оқыту өтті.

Оқытуды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс офицері Марат Баубеков жүргізді.

Оқыту барысында мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ ұйымның іскерлік беделіне әсер етуі мүмкін тәуекелдер қарастырылды.

Оқыту қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлық және беделдік тәуекелдердің алдын алуға, сондай-ақ Орталық қызметінде ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталды.