Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 10 ақпандағы №52-НҚ «Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттар бағыттарының 2026 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде 2026 жылғы 17 ақпан күні жарияланған мемлекеттік гранттар конкурсы шеңберінде грантқа өтініш берушілер арасынан келіп түскен шағымды қарау мақсатында өткен конкурстық комиссия отырысының 2026 жылғы 13 мамырдағы № 10/1 хаттамасынан үзінді

Конкурстық комиссия Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 34 тармағының 1) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 10 хаттамамен рәсімделген «Қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту» саласындағы, «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысын жетілдіру» басым бойынша конкурстық комиссияның көпшілік дауысымен шешімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады.