Қағидалардың 39, 40 және 42-тармақтарының талаптарына сәйкес және Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасының 2026 жылғы «18» ақпан №06-3/133 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың 2026 жылға арналған басым бағыттарының тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

БЕКІТЕМІН

«Азаматтық бастамаларды

қолдау орталығы» КеАҚ

Басқарма Төрағасы

________________Е.Сапаров

«____» сәуір 2026 жыл

 

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2026 жылғы 6 наурызда жариялаған «Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ-нің Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) берілетін    2026 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 9 ҮЕҰ-нан 13 өтінім келіп түсті, оның ішінде 6 өтінім мемлекеттік тілде және 7 өтінім орыс тілінде берілген.

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 02 сәуір күні сағат 18-30-да аяқталды.

Ағымдағы жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген қосымша тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

1) өтінім осы Қағидалардың 39 және 40-тармақтарының талаптарына, оның ішінде осы Қағидалардың № 7 қосымшасына сәйкес өтінім нысанына қойылатын талаптарға, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және институционалдық дамытуға арналған шығыстардың мөлшеріне, ұсынылған құжаттардың толықтығына және өтініш берушінің қолының болу сәйкестігіне;

2) өтінім мемлекеттік гранттар бағыттарының бекітілген тізбесіне, оның ішінде нысаналы индикаторға, күтілетін нәтижелерге, іске асыру мерзімі мен аумағының, сондай-ақ, грантты қаржыландыру мөлшерінің сәйкестігіне;

3) үкіметтік емес ұйымның құрылтай құжаттарының мемлекеттік грант бағытына сәйкестігіне;

4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13355 болып тіркелген) бекітілген Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес тәртіпте үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтердің болуына;

5) үкіметтік емес ұйымның тарату процесінде болу/болмауына;

6) үкіметтік емес ұйымның банкрот деп танылу/танылмауына;

7) үкіметтік емес ұйымның атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;

8) үкіметтік емес ұйымның мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;

9) үкіметтік емес ұйымның мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;

10) үкіметтік емес ұйымның экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;

11) үкіметтік емес ұйымның басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;

12) үкіметтік емес ұйымның басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне;

13) үкіметтік емес ұйымның оператор алдында ағымдағы берешегі бар/жоқтығына тексеру жүргізілді.

Қағидалардың 43-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды сарапшылар жүргізеді, ал жеңімпазды (жеңімпаздарды) анықтауды конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:

  1. Мемлекеттік грант ұсыну конкурсына қатысуға жіберілген өтінімдер туралы.

 

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Грант түрі Ұйым атауы
1 Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту Ақтөбе облысында қоғамдық қарым-қатынас саласында медиацияны дамыту  

 

 

қысқа мерзімді

«Астана» тәуелсіз сарапшылар институты» жеке қоры

 

2 Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу Отбасылық құндылықтарын насихаттауға, гендерлік теңдікті дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу қысқа мерзімді «Ой бренд» қоғамдық қоры

 

«JasAqtobe-2022» қоғамдық қоры

 

«ҚСА» Республикалық студенттер
қозғалысы» қоғамдық бірлестігі 
3 Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу Ақтөбе облысының Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру қысқа мерзімді «JasAqtobe-2022» қоғамдық қоры

 

4 Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу Облыстағы азаматтық бастамаларды қолдау және дамыту қысқа мерзімді «Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» қауымдастық түріндегі ЗТБ 
“Қара шаңырақ” қоғамдық бірлестігі

 

 

 

  1. Төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тартылды (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

 

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Грант түрі Ұйым атауы Бас тарту себептері
1 Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту Ақтөбе облысында қоғамдық қарым-қатынас саласында медиацияны дамыту  

 

 

қысқа мерзімді

«ҚСА» Республикалық студенттер
қозғалысы» қоғамдық бірлестігі 
Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді
2 Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу Отбасылық құндылықтарын насихаттауға, гендерлік теңдікті дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу қысқа мерзімді «Үміт шамшырағының шуағы» Әлеуметтік жобалар қауымдастығының» Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер бірлестігі

 

Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді
«Basqary» қоғамдық қоры

 

Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді
3 Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу Ақтөбе облысының Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру қысқа мерзімді “Әлем әйелдерінің достығы орталығы” қоғамдық бірлестігі

 

 

Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді
4 Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу Облыстағы азаматтық бастамаларды қолдау және дамыту қысқа мерзімді «Basqary» қоғамдық қоры

 

Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді
«ҚСА» Республикалық студенттер қозғалысы» қоғамдық бірлестігі Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді