БЕКІТЕМІН
«Азаматтық бастамаларды
қолдау орталығы» КеАҚ
Басқарма Төрағасы
________________Е.Сапаров
«____» сәуір 2026 жыл
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2026 жылғы 13 наурызда жариялаған «Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ-нің Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) берілетін 2026 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 17 ҮЕҰ-нан 25 өтінім келіп түсті, оның ішінде 7 өтінім мемлекеттік тілде және 18 өтінім орыс тілінде берілген.
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 08 сәуір күні сағат 18-30-да аяқталды.
Ағымдағы жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген қосымша тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:
1) өтінім осы Қағидалардың 39 және 40-тармақтарының талаптарына, оның ішінде осы Қағидалардың № 7 қосымшасына сәйкес өтінім нысанына қойылатын талаптарға, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және институционалдық дамытуға арналған шығыстардың мөлшеріне, ұсынылған құжаттардың толықтығына және өтініш берушінің қолының болу сәйкестігіне;
2) өтінім мемлекеттік гранттар бағыттарының бекітілген тізбесіне, оның ішінде нысаналы индикаторға, күтілетін нәтижелерге, іске асыру мерзімі мен аумағының, сондай-ақ, грантты қаржыландыру мөлшерінің сәйкестігіне;
3) үкіметтік емес ұйымның құрылтай құжаттарының мемлекеттік грант бағытына сәйкестігіне;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13355 болып тіркелген) бекітілген Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес тәртіпте үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтердің болуына;
5) үкіметтік емес ұйымның тарату процесінде болу/болмауына;
6) үкіметтік емес ұйымның банкрот деп танылу/танылмауына;
7) үкіметтік емес ұйымның атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;
8) үкіметтік емес ұйымның мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;
9) үкіметтік емес ұйымның мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;
10) үкіметтік емес ұйымның экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;
11) үкіметтік емес ұйымның басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;
12) үкіметтік емес ұйымның басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне;
13) үкіметтік емес ұйымның оператор алдында ағымдағы берешегі бар/жоқтығына тексеру жүргізілді.
Қағидалардың 43-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды сарапшылар жүргізеді, ал жеңімпазды (жеңімпаздарды) анықтауды конкурстық комиссия жүзеге асырады.
Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:
- Мемлекеттік грант ұсыну конкурсына қатысуға жіберілген өтінімдер туралы.
| № | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы |
| 1 | Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау | Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру” |
қысқа мерзімді |
«Basqary» қоғамдық қоры |
| «Ой бренд» қоғамдық қоры | ||||
| «Фонд развития человеческого капитала «SOVET» жеке қоры | ||||
| «Jana Kezen» қоғамдық қоры | ||||
| «Казахстанская Ассоциация Даму» заңды тұлғалар бірлестігі | ||||
| «Есірткісіз болашақ» қоғамдық қоры | ||||
| 2 | Азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу | Ауылда азаматтық бастамаларды дамыту |
қысқа мерзімді |
«Ой бренд» қоғамдық қоры |
| «Ангел» қоғамдық бірлестігі | ||||
| «Jana Kezen» қоғамдық қоры | ||||
| «Казахстанская Ассоциация Даму» заңды тұлғалар бірлестігі | ||||
| «Эра-KZ» Республикалық қоғамдық бірлестігі | ||||
| “Қара шаңырақ” қоғамдық бірлестігі | ||||
| «Корган-М» Республикалық қоғамдық бірлестігі | ||||
| «Болмыс» жеке қоры | ||||
| 3 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жастар арасында тәуелділікті алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру |
қысқа мерзімді |
«Jana Kezen» қоғамдық қоры |
| 4 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | Отбасылық саясатты дамыту және гендерлік теңдікті нығайту |
қысқа мерзімді |
«Ой бренд» қоғамдық қоры |
| «Казахстанская Ассоциация Даму» заңды тұлғалар бірлестігі |
- Төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тартылды (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):
| № | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы | Бас тарту себептері |
| 1 | Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау | Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру” |
қысқа мерзімді |
“Білімгерлер мен жастардың “Қазақстанның болашағы үшін” Тараз бірлестігі” қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді |
| «ҚСА» Республикалық студенттер
қозғалысы» қоғамдық бірлестігі
|
Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | ||||
| «Белый блогер» қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | ||||
| 2 | Азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу | Ауылда азаматтық бастамаларды дамыту |
қысқа мерзімді |
Астанинский городской филиал общественного объединения “Международное общество “Қазақ тілі”
|
Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді |
| «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қоры
|
Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | ||||
| 3 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жастар арасында тәуелділікті алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру |
қысқа мерзімді |
«Есірткісіз болашақ» қоғамдық қоры | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді |
| «Зерделі Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | ||||
| 4 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | Отбасылық саясатты дамыту және гендерлік теңдікті нығайту |
қысқа мерзімді |
“Әлем әйелдерінің достығы орталығы” қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді |