Қағидалардың 39, 40 және 42-тармақтарында көзделген талаптарға және «Тараз қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» КММ 2026 жылғы «05» ақпандағы №9 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың 2026 жылға арналған басым бағыттарының тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

БЕКІТЕМІН

«Азаматтық бастамаларды

қолдау орталығы» КеАҚ

Басқарма Төрағасы

__________________ Е.Сапаров

«____» наурыз 2026 жыл

Қағидалардың 39, 40 және 42-тармақтарында көзделген талаптарға және «Тараз қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» КММ 2026 жылғы «05» ақпандағы №9 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың 2026 жылға арналған басым бағыттарының тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2026 жылғы «05» ақпандағы «Тараз қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» КММ-ның Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) берілетін           2026 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 11 ҮЕҰ-дан 14 өтінім келіп түсті, оның ішінде 9 өтінім мемлекеттік тілде және 5 өтінім орыс тілінде берілген.

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 27 ақпан күні сағат 18-30-да аяқталды.

Ағымдағы жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген қосымша тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

1) өтінім осы Қағидалардың 39 және 40-тармақтарының талаптарына, оның ішінде осы Қағидалардың № 7 қосымшасына сәйкес өтінім нысанына қойылатын талаптарға, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және институционалдық дамытуға арналған шығыстардың мөлшеріне, ұсынылған құжаттардың толықтығына және өтініш берушінің қолының болу сәйкестігіне;

2) өтінім мемлекеттік гранттар бағыттарының бекітілген тізбесіне, оның ішінде нысаналы индикаторға, күтілетін нәтижелерге, іске асыру мерзімі мен аумағының, сондай-ақ, грантты қаржыландыру мөлшерінің сәйкестігіне;

3) үкіметтік емес ұйымның құрылтай құжаттарының мемлекеттік грант бағытына сәйкестігіне;

4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13355 болып тіркелген) бекітілген Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес тәртіпте үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтердің болуына;

5) үкіметтік емес ұйымның тарату процесінде болу/болмауына;

6) үкіметтік емес ұйымның банкрот деп танылу/танылмауына;

7) үкіметтік емес ұйымның атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;

8) үкіметтік емес ұйымның мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;

9) үкіметтік емес ұйымның мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;

10) үкіметтік емес ұйымның экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;

11) үкіметтік емес ұйымның басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;

12) үкіметтік емес ұйымның басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне;

13) үкіметтік емес ұйымның оператор алдында ағымдағы берешегі бар/жоқтығына тексеру жүргізілді.

Қағидалардың 43-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды сарапшылар жүргізеді, ал жеңімпазды (жеңімпаздарды) анықтауды конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:

  1. мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға жіберілген өтінімдер туралы:
Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Грант түрі Ұйым атауы
1  

Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішшде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу

Азаматтық қоғам институттарының әлеуетін дамыту және нығайтуға бағытталған іс-шаралар

кешенін ұйымдастыру

қысқа мерзімді «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі
2  

Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту

Этносаралық

келісімді нығайтуға бағытталған кешенді іс-шараларды ұйымдастыру

қысқа мерзімді «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігі
3 Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу Тараз қаласында тұрғындардың әлеуметтік мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізу қысқа мерзімді «SOVET адам капиталының дамуы қоры» жеке қоры

 

  1. төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тартылды (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):
Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Грант түрі Ұйым атауы Бас тарту себептері
1 Азаматтық

қоғамды

дамытуға, оның ішшде

үкіметтік емес

ұйымдар

қызметінің

тиімділігін

арттыруға

жәрдемдесу

Азаматтық қоғам институттарының әлеуетін дамыту және нығайтуға бағытталған іс-шаралар

кешенін ұйымдастыру

 

 

 

қысқа мерзімді

«Әлем әйелдерінің достығы орталығы» қоғамдық бірлестігі Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді
2 «Жамбыл облысының КЕҰ Ассоциациясы»

заңды  тұлғалардың бірлестігі

Өтінім мемлекеттік гранттардың бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді
3 Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық

бірлікті нығайту

Этносаралық

келісімді нығайтуға бағытталған кешенді іс-шараларды ұйымдастыру

қысқа мерзімді «Елім-ай Достық» қоғамдық бірлестігі Өтінім мемлекеттік гранттардың бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді
4 «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді
5 Отбасылық- демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу Отбасы институтын нығайтуға және гендерлік саясатты іске асыруға бағытталған кешенді іс- шаралар өткізу қысқа мерзімді «Нұрбата-Ардагер» қоғамдық бірлестігі Өтінім мемлекеттік гранттардың бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді
6 «Еркін пікір» жастар қоғамдық
бірлестігінен
Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді
7 «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігі Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді
8 Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу Тараз қаласында тұрғындардың әлеуметтік мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізу қысқа мерзімді «Алматы облысының Ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі Өтінім мемлекеттік гранттардың бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді
9 «Корган-М» республикалық қоғамдық бірлестігі Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді
10 «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді
11 «Basqary» қоғамдық қоры Өтінім мемлекеттік гранттардың бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді