Қағидалардың 39, 40 және 42-тармақтарында көзделген талаптарға және Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2026 жылғы 4 наурыздағы №18-Б бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың 2026 жылға арналған басым бағыттарының тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 

БЕКІТЕМІН

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы»

КеАҚ Басқармасының Төрағасы

__________________ Е.Сапаров

«____» мамыр 2026 жыл

Қағидалардың 39, 40 және 42-тармақтарында көзделген талаптарға және Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының  2026 жылғы 4 наурыздағы №18-Б бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың 2026 жылға арналған басым бағыттарының тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау тәртібі.

 

2026 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурс қорытындысы бойынша, Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) арналған конкурсына, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ (бұдан әрі – Оператор) тарапынан 2026 жылғы 7 сәуірде жарияланған конкурс шеңберінде 13 ҮЕҰ-нан 14 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 7 өтінім мемлекеттік тілде және 7 өтінім орыс тілінде ұсынылды.

 

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 28 сәуір күні сағат 18-30-да аяқталды.

 

Ағымдағы жылғы 5 мамыр Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген қосымша тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

 

1) өтінім осы Қағидалардың 39 және 40-тармақтарының талаптарына, оның ішінде осы Қағидалардың № 7 қосымшасына сәйкес өтінім нысанына қойылатын талаптарға, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және институционалдық дамытуға арналған шығыстардың мөлшеріне, ұсынылған құжаттардың толықтығына және өтініш берушінің қолының болу сәйкестігіне;

2) өтінім мемлекеттік гранттар бағыттарының бекітілген тізбесіне, оның ішінде нысаналы индикаторға, күтілетін нәтижелерге, іске асыру мерзімі мен аумағының, сондай-ақ, грантты қаржыландыру мөлшерінің сәйкестігіне;

3) үкіметтік емес ұйымның құрылтай құжаттарының мемлекеттік грант бағытына сәйкестігіне;

4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13355 болып тіркелген) бекітілген Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес тәртіпте үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтердің болуына;

5) үкіметтік емес ұйымның тарату процесінде болу/болмауына;

6) үкіметтік емес ұйымның банкрот деп танылу/танылмауына;

7) үкіметтік емес ұйымның атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;

8) үкіметтік емес ұйымның мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;

9) үкіметтік емес ұйымның мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;

10) үкіметтік емес ұйымның экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;

11) үкіметтік емес ұйымның басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;

12) үкіметтік емес ұйымның басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне;

13) үкіметтік емес ұйымның оператор алдында ағымдағы берешегі бар/жоқтығына тексеру жүргізілді.

Қағидалардың 43-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды сарапшылар жүргізеді, ал жеңімпазды (жеңімпаздарды) анықтауды конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:

 

  1. Мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға жіберілген өтінімдер туралы:

 

Заңның 5-бабының

1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы

Мемлекеттік гранттың басым бағыты Грант түрі Ұйым атауы
1 Қоршаған

ортаны қорғау

Өңір халқының табиғатқа жауапты қатынасын қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және өңірдің орнықты дамуы саласындағы халықтың белсенділігін арттыру Қысқы мерзімді «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы»  республикалық қоғамдық бірлестігі
«Еco-social» қоғамдық қоры
Basqary» қоғамдық қоры
«Рухтан» қоғамдық қоры
«Тaza.likee жысыл мектебі» қоғамдық қоры
2. Қоршаған

ортаны қорғау

Жыртқыш құстар мен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген (соның ішінде жыл құстары) құс түрлерін сақтау және оларға реабилитациялық іс-шаралар жүргізу арқылы уақтылы көмек көрсету Қысқы мерзімді ——

 

  1. Төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тартылды (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

 

Заңның

5-бабының

1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы

Мемлекеттік гранттың басым бағыты Грант түрі Ұйым атауы Бас тарту себептері
1. Қоршаған ортаны қорғау Өңір халқының табиғатқа жауапты қатынасын қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және өңірдің орнықты дамуы саласындағы халықтың белсенділігін арттыру Қысқа мерзімді «Маңғыстау Эко» үкіметтік емес мекемесі Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді
«Вторая республика» қоғамдық қоры Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді
«Көмек командасы» қоғамдық қоры Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді
«Бала жолы» қоғамдық қоры Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді
«Боевое братство» Ауғанстандағы соғыстың Ардагерлерінің Ақтау қалалық қоғамдық бірлестігі Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді
«Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігі Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді
«Ұштаған – құтты мекенім» қоғамдық қоры Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді
2.

 

Қоршаған ортаны қорғау Жыртқыш құстар мен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген (соның ішінде жыл құстары) құс түрлерін сақтау және оларға реабилитациялық іс-шаралар жүргізу арқылы уақтылы көмек көрсету Қысқа мерзімді «Basqary» қоғамдық қоры Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді
«Umit mangistau» қоғамдық қоры Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді