Әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау үшін медиация институтын қолдану
Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мақсаты: Қоғамда дауларды сотқа дейінгі реттеу рәсімдері арқылы дауларды шешу мәдениетін қалыптастыру.
Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның міндеттері:
Халыққа, оның ішінде әлеуметтік осал топтарға және өмірлік қиын жағдайда жүрген азаматтарға білікті, тегін медиативтік көмек көрсету.
Құқық қорғау органдарының, әлеуметтік қызмет органдарының қызметкерлері, дағдарыс орталықтарының мамандары, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар үшін білікті жаттықтырушыларды, медиаторларды және кәсіби мамандарды шақыра отырып, тренингтер, дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізу.
Татуластыру рәсімдерінің, оның ішінде медиацияның артықшылықтарын түсіндіруге бағытталған ақпараттық науқан өткізу.
Қызмет алушылармен медиация тәртібімен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіру.
Жеке тұлғалар бойынша елдегі медиацияның жай-күйі туралы талдау жүргізу (азаматтардың дауларды сотқа дейін реттеуге мүдделілігі; медиацияны (азаматтық, еңбек, отбасылық және т.б.) барынша қолдану байқалатын саланы анықтау.жай-күйін бағалау; медиацияның дамуына кедергі келтіретін себептерді айқындау)
FB: https://m.facebook.com/tsentrmediatsii
Inst: https://www.instagram.com/tsentrmediatsii/
Tlgm: https://t.me/tsentrmediatsii
Жобаның бағдарламалық құжаттарына сілтеме:
https://drive.google.com/drive/folders/12VpzaKs1VYP-h16kJ3AgUnhwJST2sv84?usp=sharing