Жарияланған күні: 15.10.2026
Кездесу
2026 жылғы 14 қазанда «Өзгеріс» мектебінің көшбасшылары Астана қаласындағы Study Tour танымдық бағдарламасы аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына келді.
Тәжірибе алмасуға арналған кездесуде азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау және қоғамдық бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері сөз болды.
Қатысушылар Орталықтың негізгі жұмыс бағыттарымен, мемлекеттік гранттар мен әлеуметтік тапсырыстар арқылы үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету тетіктерімен танысты.
Сонымен қатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, олардың тиімділігін арттыру және азаматтық бастамаларды дамыту мәселелері талқыланды.
Қатысушыларға азаматтық сектордағы жұмыс тәжірибесімен танысып, әлеуметтік жобаларды қолдаудың қолданыстағы тетіктері туралы ақпарат алуға мүмкіндік берді.