Өңірлермен ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті

Жарияланған күні: 22.06.2026


22 маусым күні «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ алаңында азаматтық бастамаларды қолдау және үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимылды дамыту бағытындағы өңірлермен одан әрі ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шараға Атырау, Абай, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының ішкі саясат, қоғамдық даму және жастар саясаты басқармаларының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттық жобаларды іске асыру мәселелері, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 2027 жылға арналған өңірлік гранттық жобалар тізбесін қалыптастыру және келісу тәртібі талқыланды.