Жарияланған күні: 10.06.2026
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен Zoom платформасында онлайн жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Жиынға «Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы және Орталықтың гранттық қолдауымен аталған мекеменің тапсырысын орындайтын қос үкіметтік емес ұйымның өкілдері қатысты.
Биыл бұл бағытта екі әлеуметтік жоба жүзеге асырылады. Басқосу барысында тараптар жобалардың іске асу жоспарын, атқарылатын жұмыстардың мерзімдері мен күтілетін нәтижелерін егжей-тегжейлі талқылады.
Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік мекеме, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы және жобаларды орындаушы үкіметтік емес ұйымдар арасында өзара іс-қимыл форматы айқындалды.