Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс: талдаудан өзгерістерге дейін

Жарияланған күні: 16.06.2026


Бүгін Алматы қаласында «АИТВ мен туберкулездің алдын алудағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс: мониторингтен заңнамалық өзгерістерге дейін» тақырыбында жұмыс кездесуі өтті. Іс-шараны «Қазақстандық АИТВ-мен өмір сүретін адамдар одағы» ЗТБ ұйымдастырды.

Іс-шара барысында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы Елдар Сапаров сөз сөйлеп, азаматтық қоғамды дамыту және үкіметтік емес ұйымдарды қолдау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жүзеге асырып отырған мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Сондай-ақ ол ҮЕҰ-ларды гранттық қаржыландырудың маңыздылығына және АИТВ инфекциясының алдын алу ісіндегі азаматтық қоғамның рөліне тоқталды.

Кездесу барысында қатысушылар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетіктерін жетілдіру, әлеуметтік жобалардың сапасын арттыру және мемлекет пен үкіметтік емес сектор арасындағы әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады.