Конкурстық комиссия Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 34 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының мемлекеттік грант жоспарындағы «Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау» саласындағы «Аймақтағы жастардың психикалық денсаулығын сақтау және нығайту», «Аймақ жастарына әскери патриоттық тәрбие беру», «Аймақ жастары арасында заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету» басым бағыттары бойынша 2026 жылғы 13 сәуірдегі №5 хаттамамамен рәсімделген конкурстық комиссия шешімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады.