Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау бағыты бойынша шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталды! (Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2026 жылғы 30 сәуір сағат 18-30 дейін)

Мүгедектердің қатысуымен инклюзивті қоғамды дамыту аясында инклюзия саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ үшін шағын гранттар конкурсына қатысуға шақырамыз.

Жобаны «Эра-KZ» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша және ҮЕҰ гранттарының бірыңғай операторының гранттық қолдауымен іске асырады.

Байқаудың мақсаты — инклюзивті қоғам құруға, мүгедектердің әлеуметтік интеграциясын қамтамасыз етуге, ресурстарға қолжетімділікті кеңейтуге және инклюзивті ортаны құруға ҮЕҰ қатысу деңгейін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау және дамыту.

Конкурс ұйымдастырушысы: «Эра-KZ» Республикалық қоғамдық бірлестігі

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 13.04.2026-30.04.2026 (18:30-ға дейін)

Кім қатыса алады: Жарғыға сәйкес инклюзия саласында өз қызметін жүзеге асыратын ҮЕҰ

Іске асыру аумағы: Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы, Түркістан және Ақмола облыстары

Гранттың саны мен сомасы: 1 000 000 теңге көлемінде 18 грант

Байланыс телефоны: +7 702 560 31 63

Әлеуметтік желілер: Instagram: @era_kz.7172, @npo_inclusion

Электрондық пошта: erakz7172@gmail.com