Жарияланған күні: 19.05.2026
Бүгін «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ 2026 жылғы грант алушылармен гранттық жобаларды іске асыру мәселелеріне арналған онлайн-кездесу өткізді.
Іс-шараға 40-тан астам үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында гранттық қаржыландыру аясындағы әлеуметтік жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.
Іс-шара аясында Орталықтың ішкі комплаенс-офицері ашықтық пен есеп берушілік қағидаттарын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу, Орталық қызметкерлерімен өзара іс-қимыл әдебі, сондай-ақ гранттық жобаларды іске асыру барысында бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты игеру мәселелері бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.