Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша
жобалау кеңсесі

Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша жобалау кеңсесі 2020 жылдың қаңтарында құррылды.

Жобалау кеңсесінің негізгі мақсаты үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларына қаржылық қолдау көрсету үшін потенциалды донорларды іздестіру мен гранттық конкурстарға қатысу болып табылады.

Жобалау кеңсесі қызметінің басты бағыттарының бірі азаматтық секторды дамытуға тарту шеңберінде ортақ жігер мен ресурстарды шоғырландыру мақсатында мүдделі тараптармен ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Бұл бағытта мемлекет-бизнес-үкіметтік емес ұйымдар диалог алаңдарын ұйымдастыруға, бизнес өкілдері арасында филантропияны және әлуметке бағытталған қызметтерді дамытуды насихаттауға қатысу арқылы грант беруші және донор ұйымдармен өзара әрекеттестікті ілгерілетуге бағытталған жұмыстар атқарылады.

Жобалау кеңсесі қызметінің бағыттары:
1. Қазақстанда донорлық істі көпшілік арасында тарату;
2. азаматтық бастамалардың жүзеге асырылуына донорлардың қаражатын тарту;
3. грант беруші ұйымдардың гранттық конкурстарына қатысу;
4. гранттық қаржыландыру саласына әлемдік озық тәжірибені енгізу;
5. Қазақстан ҮЕҰ әлеуетін арттыруға қаражат тарту;
6. гранттардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу және алып жүру;
7. гранттық конкурстарға қатысу шеңберінде ҮЕҰ-дың жобаларын жанамалау.

Global Fund for Community Foundations (GFCF) қоғамдық қайырымдылық қорларды қолдауға бағытталған жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік бар екенін хабарлайды. Қоғамдық қайырымдылық ұйымдар, оның ішінде қоғамдық қорлар, әйелдер және экология мәселелеріне бағытталған қорлар, ұлттық қоғамдық қорлар және басқа да грант берушілер 7 000-нан 20 000 АҚШ долларына дейінгі мөлшердегі грантты ұсыну конкурсына...
30.07.2020
Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігі мен Алматы қаласындағы АҚШ Бас консулдығы Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімнің (PAS) Гранттар бағдарламасы шеңберінде мәдени жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік ашылғандығын хабарлайды. Коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми-зерттеу орталықтары мен ғылыми-білім беру мекемелері 5000-нан 50 000 АҚШ доллары көлеміндегі...
«InterActions» кәсіби тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында Прага азаматтық қоғам орталығы (Prague Civil Society Centre) Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі белсенділерге, журналистерге, сарапшы-талдаушыларға, әлеуметтік кәсіпкерлерге және зерттеушілерге 1-2 айға өз қалауы бойынша қабылдаушы ұйымға баруға немесе тәжірибе алмасу және серіктестікті нығайту мақсатында әріптестерді...
British Council (Британдық Кеңес) 2017 жылдан бастап «Шеврон» компаниясымен және Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп «I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім» жобасы аясында «Ментор бағдарламасы» тақырыбында өткізілетін екі күндік оқуға қатысу үшін кәсіпкерлерден өтінімдер қабылдауды бастағанын жариялайды. Жобаның мақсаты: қазақстандық әлеуметтік белсенді жастарға...
Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы “Орталық Азияда терроризмге алып келетін зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында жергілікті қоғамдастықтардың орнықтылығын нығайту және аймақтық ынтымақтастық жобасы” жобасы аясында Ақтөбе және Қарағанды облыстарының мақсатты аудандарында осал жастардың бастамалары мен іс-қимыл жоспарларын қолдау үшін үкіметтік...
«Азия-Еуропа» қоры (бұдан әрі – Қор) адам құқықтары саласында тренингтер өткізу мақсатында ұйымдар арасында байқау жариялайды. Шара мақсаты: «Азия-Еуропа» форумы (АСЕМ) серіктестерінің адам құқықтары саласындағы білім беру бойынша ұлттық бағдарламаларды іске асыруды нығайту жөніндегі жұмыстарын қолдау; Кейс стади (case-study) қағидасы негізінде адам құқықтары саласындағы білім...
Британдық Кеңес (British Council) «Идеялар өмірді өзгертеді» (Ideas Change Lives) атты конкурс жариялады. Конкурс әлемдік проблемалар мен сын-тегеуріндерге өзіндік сандық шешімдерді табуға бағытталған. Жеңімпаздарға өз идеяларына инвестиция құю үшін 20 000 фунт стерлинг беріледі, сонымен қатар Британдық Кеңес тарапынан жеңімпаз атанған жобаларға жыл бойы тәлімгерлік пен қолдау...
Прага Азаматтық қоғам орталығы (Prague Civil Society Centre) «Switch» бағдарламасының шеңберінде Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында шығармашылық идеяларға іздеу конкурсын ұйымдастыруда. Конкурстың жеңімпаздарына 8000 еуроға дейінгі көлемде қаржылай көмек беріледі, сонымен қатар олар потенциалды инвесторларды өз жобаларымен таныстыру...
АҚШ Елшілігінің Шағын гранттар бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды. АҚШ Елшілігінің Шағын гранттар бағдарламасы Қазақстанда азаматтық қоғамға қолдау көрсетуге, сондай-ақ қазақстандықтардың мүдделері мен бастамаларын ілгерілетуге бағытталған. Өтінімдер келесі мерзімдерге дейін қабылданады: 1) 2020 жылғы 20 қаңтардың сағат 23.59 дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты), және 2) 2020...
Community Solutions бағдарламасы АҚШ Мемлекеттік Департаментінің Білім және мәдениет бюросымен қаржыландырылып, «IREX» үкіметтік емес ұйымымен басқарылады. Аталған алмасу бағдарламасы аясында бүкіл әлемдегі көшбасшыларға 2020 жылдың тамыз бен желтоқсан айлары аралығында қарқынды кәсіби дамудан өтуге мүмкіндік беріледі. Бағдарлама қатысушылары қоғамдық жұмыстар саласында маңызды...