Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша
жобалау кеңсесі

Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша жобалау кеңсесі 2020 жылдың қаңтарында құррылды.

Жобалау кеңсесінің негізгі мақсаты үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларына қаржылық қолдау көрсету үшін потенциалды донорларды іздестіру мен гранттық конкурстарға қатысу болып табылады.

Жобалау кеңсесі қызметінің басты бағыттарының бірі азаматтық секторды дамытуға тарту шеңберінде ортақ жігер мен ресурстарды шоғырландыру мақсатында мүдделі тараптармен ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Бұл бағытта мемлекет-бизнес-үкіметтік емес ұйымдар диалог алаңдарын ұйымдастыруға, бизнес өкілдері арасында филантропияны және әлуметке бағытталған қызметтерді дамытуды насихаттауға қатысу арқылы грант беруші және донор ұйымдармен өзара әрекеттестікті ілгерілетуге бағытталған жұмыстар атқарылады.

Жобалау кеңсесі қызметінің бағыттары:
1. Қазақстанда донорлық істі көпшілік арасында тарату;
2. азаматтық бастамалардың жүзеге асырылуына донорлардың қаражатын тарту;
3. грант беруші ұйымдардың гранттық конкурстарына қатысу;
4. гранттық қаржыландыру саласына әлемдік озық тәжірибені енгізу;
5. Қазақстан ҮЕҰ әлеуетін арттыруға қаражат тарту;
6. гранттардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу және алып жүру;
7. гранттық конкурстарға қатысу шеңберінде ҮЕҰ-дың жобаларын жанамалау.

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) қолдауымен 2020 жылдың 25 қыркүйегінен 2021 жылдың 25 маусымына дейін “Көңілді мүгедектер қоғамы” қоғамдық бірлестігінің “ЕРЕКШЕ ТАҢДАУ – ШЕЛЕК” Корпоративтік Қоры “Мүгедек жасөспірімдерді дамытуға арналған креативті идеялар орталығы “әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Оның мақсаты – бар Алматы қаласының...
25.03.2021
АҚШ Елшілігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғаммен байланыс бөлімі және Алматы қаласындағы бас консулдығы АҚШ Елшілігінің жыл сайынғы Шағын гранттар бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды. Бір жобаны қаржыландыру сомасы 10 мыңнан 50 мыңға дейінгі АҚШ долларын құрайды. Ағымдағы жылы өтінімдер келесі тақырыптар бойынша қабылданады: адам саудасына қарсы іс-қимыл,...
19.03.2021
Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігінің «Америкалық бұрыштар» бағдарламасымен серіктестікте «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ жүзеге асыратын . Кездесуге Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма Төрайымы Лима Диас, АҚШ-тың Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігінің грант-менеджері Эмбер А. Аура, Нұр-Сұлтан қаласындағы Америкалық бұрыштың үйлестірушісі...
12.03.2021
Құрметті достар! Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Cіздерді Ozgeris Ustasy сыйақысына өтінімдерді беруге шақырады! Ozgeris Ustasy – әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосқаны үшін 2019 жылы ұйымдастырылған республикалық сыйақы. Сыйақының мақсаты – Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту саласына аудиторияның назарын аудару. Конкурсқа қатысуға Қазақстан территориясында...
Достар, сіздерді “Fashion Girls in Business”әлеуметтік жобасының жаттықтырушыларымен таныстыруды жалғастырамыз. Жобаға шақырылған жаттықтырушы Бауыржан Сағиев “Сән тарихы, оның ішінде «Американдық сән» тақырыбында практикалық тапсырмалар мен семинар-тренингтер өткізеді. Бауыржан Сағиев – “TSE Art Destination” галереясының арт-директоры. Әр жылдары дизайн және сән саласында...
11.03.2021
Құрметті Достар! 2021 жылдың 11 наурызында АҚШ Елшілігінің «Америкалық бұрыштар» бағдарламасы мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ өзара әріптестікте іске асыратын «Fashion Girls in Business» жобасының онлайн режимінде ашылуы өткізіледі. Жобаның мақсаты – тігін ісі, өндіріс және модельдеу саласында оқитын Нұр-Сұлтан қаласындағы колледж студент-қыздарының кәсіпкерлік...
10.03.2021
Достар, сіздерді кәсіпкерлік негіздері бойынша жаттықтырушылармен таныстыруды жалғастырамыз. Жоба аясында шақырылған жаттықтырушы Әсел Қожақова практикалық тапсырмалары бар «Кәсіпкерлік негіздері: SMM маркетинг және коммуникация» тақырыбында 4 семинар-тренинг өткізеді. Әсел Қожақова – Red Point Kazakhstan Маркетингтік коммуникациялар сервисінің негізін қалаушы және бас...
05.03.2021
2021 жылғы 2 наурызда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Брижит Бардо қоры» Француз-Қырғыз экотуризм қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылған жануарлар құқығын қорғауға арналған онлайн конференцияға қатысты. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің ветеринарлық қызметтері, жергілікті атқарушы органдары мен ҮЕҰ өкілдері...
03.03.2021
Құрметті достар! “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ ” Impact Hub Almaty” КҚ ақпараттық серіктесі болғанын хабарлаймыз, ол Шеврон компаниясының демеушілік қолдауы шеңберінде “Ozgeris Ustasy” әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін премияға өтінімдер қабылдауды бастады. Премияның мақсаты-аудиторияның назарын Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті...
23.02.2021
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігінің «Америкалық бұрыштар» бағдарламасымен әріптестікте «Fashion Girls in Business» әлеуметтік жобасын іске асыруға кірісті. Аталмыш жоба тігін ісі/өндіріс және модельдеу саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқитын Нұр-сұлтан қаласы колледждерінің студент-қыздарының экономикалық...
18.02.2021