Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша
жобалау кеңсесі

Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша жобалау кеңсесі 2020 жылдың қаңтарында құррылды.

Жобалау кеңсесінің негізгі мақсаты үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларына қаржылық қолдау көрсету үшін потенциалды донорларды іздестіру мен гранттық конкурстарға қатысу болып табылады.

Жобалау кеңсесі қызметінің басты бағыттарының бірі азаматтық секторды дамытуға тарту шеңберінде ортақ жігер мен ресурстарды шоғырландыру мақсатында мүдделі тараптармен ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Бұл бағытта мемлекет-бизнес-үкіметтік емес ұйымдар диалог алаңдарын ұйымдастыруға, бизнес өкілдері арасында филантропияны және әлуметке бағытталған қызметтерді дамытуды насихаттауға қатысу арқылы грант беруші және донор ұйымдармен өзара әрекеттестікті ілгерілетуге бағытталған жұмыстар атқарылады.

Жобалау кеңсесі қызметінің бағыттары:
1. Қазақстанда донорлық істі көпшілік арасында тарату;
2. азаматтық бастамалардың жүзеге асырылуына донорлардың қаражатын тарту;
3. грант беруші ұйымдардың гранттық конкурстарына қатысу;
4. гранттық қаржыландыру саласына әлемдік озық тәжірибені енгізу;
5. Қазақстан ҮЕҰ әлеуетін арттыруға қаражат тарту;
6. гранттардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу және алып жүру;
7. гранттық конкурстарға қатысу шеңберінде ҮЕҰ-дың жобаларын жанамалау.

Өтініш қабылдаудың аяқталу күні: 15 қараша Бағдарламаға ағылшын тілін жетік меңгірген өкіл қатысы алады. Саясат және азаматтық қоғам, БАҚ және мәдениет, адам құқықтары, тұрақты даму салаларында жұмыс істейтін 25-45 жас аралығындағы көшбасшыларға арналған бағдарлама. Бағдарламаның мақсаты – азаматтық қоғамды нығайту және сандық азаматтық медианы, бейресми саяси білім беруді...
30.07.2020
“АРГО” Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы “Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен іске асырылатын” P4i инновацияларға арналған Серіктестік ” бағдарламасы аясында Қазақстан мен Қырғызстанның коммерциялық емес ұйымдарының эдвокаси-бастамаларының қолдауымен ұлттық және жергілікті деңгейлерде шешімдер қабылдау процестеріне...
“KUSANONE (Шөп тамыры)” бағдарламасы адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шағын масштабтағы әлеуметтік жобаларға өтеусіз көмек көрсету – бұл Жапония үкіметінің, жергілікті билік органдарын, өңірлік мектептерді, медициналық және басқа да мекемелерді, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамдық бірлестіктер мен қорларды қаржыландыру жөніндегі бағдарламасы. Бұл...
Гендерлік теңдік пен әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін институционалды және заңнамалық деңгейдегі кедергілерді анықтау, кәсіпкерліктегі гендерлік ерекшеліктер туралы зерттеулерді өткізу бойынша ұйымдарға ашық конкурс жариялайды. Ұсыныс берудің соңғы мерзімі: 7 тамыз 2019...