Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Жамбыл облысындағы гранттық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты

Жарияланған күні: 16.07.2026


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Елдар Сапаров Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында мемлекеттік гранттарды жүзеге асырып жатқан үкіметтік емес ұйымдардың, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грант алушылары мен шағын грант иегерлерінің қатысуымен кездесу өткізді.

Кездесуге «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» ЗТБ, «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның болашағы үшін» Тараз бірлестігі» қоғамдық бірлестігі, «Жамбыл облысының Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігі және «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында өңірде жүзеге асырылып жатқан гранттық жобалардың орындалу барысы, қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы жоспарлар талқыланды. Елдар Сапаров грант иегерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, мемлекеттік гранттардың тиімді іске асырылуы мен жобалардың тұрақты нәтижелерге қол жеткізуінің маңыздылығына тоқталды.

Бүгінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арқылы Жамбыл облысында жалпы сомасы 51 миллион теңгені құрайтын 7 гранттық жоба жүзеге асырылуда. Олар азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің тиімділігін арттыру, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, отбасылық-демографиялық саясатты қолдау, жастар саясаты мен балалар бастамаларын дамыту бағыттарын қамтиды.

Гранттық жобалар аясында 500 мың теңге көлеміндегі 10 шағын грант іске асырылып, өңірдегі жергілікті азаматтық бастамаларды қолдауға мүмкіндік беруде.

Сонымен қатар, 15-17 шілде аралығында Орталықтың Жобаларды басқару департаментінің директоры Айтбай Нариман өңірде іске асырылып жатқан гранттық жобалардың орындалу барысына мониторинг жүргізіп, жобалардың іске асырылу сапасы мен жоспарланған көрсеткіштердің орындалуына бағалау жасайтын болады.