Жарияланған күні: 12.06.2026
Жобаның мақсаты – этномәдени бірлестіктердің жобалық қызметін жетілдіру, этносаралық қатынастар саласындағы бастамаларды тиімді ұйымдастыру және бағалау тетіктерін дамыту.
Семинар-тренингтің алғашқы күні үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру мәселелеріне арналған теориялық бөліммен басталды. Тренингті «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Қаржылық бақылау және мониторинг департаментінің директоры Динара Жақсылыққызы Молдакулова жүргізді. Қатысушылар тақырып аясында өзекті сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасу форматында пікір алмасты.
10 аймақтан келген 62 қатысушының басын қосқан іс-шара этномәдени бірлестіктердің кәсіби әлеуетін арттыруға, сондай-ақ қоғамдағы этносаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталды.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін, бұндай тренинг Жетісу облысында да өткізілген болатын.