- Конкурс туралы
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің «Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттар бағыттарының 2026 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» 2026 жылғы «10» ақпандағы №52-НҚ бұйрығы шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге конкурс жариялайды.
Конкурс азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848) сәйкес әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында өткізіледі.
- Қандай үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды
Төмендегідей нысанда құрылған коммерциялық емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды:
1) саяси партиялар;
2) кәсіптік одақтар;
3) діни бірлестіктер;
4) дербес білім беру ұйымдары;
5) дербес кластерлік қорлар;
6) нотариаттық палаталар;
7) адвокаттар алқасы;
8) адвокаттық кеңселер;
9) Заң консультанттарының Республикалық алқасы;
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
11) Қазақстан Республикасының сот сарапшылары палатасы;
12) жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы;
13) Қазақстанның Төрелік палатасы;
14) кәсіби аудиторлық ұйымдар;
15) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес;
16) көппәтерлі тұрғын үйлердің мүлкі меншік иелерінің бірлестіктері.
- Оператор Қағидалардың 42-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді.
- Гранттардың басым бағыты бойынша конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмегенде;
3) егер орта мерзімді гранттың бағыты бойынша бағалауға ұсынылған өтінімдердің бірде-біреуі конкурс сарапшыларының бағалау қорытындыларының нәтижелері бойынша ең жоғары жиынтық балл санының 50 (елу) пайызынан артық жинамаса, өтпеді деп танылады.
Гранттар бағыты бойынша конкурс өтпеді деп танылған жағдайда оператор өзінің интернет-ресурсында 2 (екі) жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде конкурс туралы хабарландыруды қайта жариялайды.
- Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты
Өтінімдер Операторға мынадай мерзімдерде енгізіледі:
ОРТА МЕРЗІМДІ ГРАНТТАР БОЙЫНША (ЖИЫРМА) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ 2026 ЖЫЛҒЫ «18» АҚПАН МЕН «18» НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДА САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН;
КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚОЛМА-ҚОЛ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ КЕШІКТІРІЛІП ЕНГІЗІЛГЕН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.
- Өтінімдерді жіберу қажет пошталық және электрондық мекенжайлар
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:
Өтінімдер беру тәсіліне байланысты пошта байланысы немесе қолма-қол тапсыру арқылы, Documentolog.kz порталы арқылы, электрондық тасымалдағышта немесе электрондық пошта арқылы қабылданады:
- Қағаз тасымалдағышта – келесі мекенжай бойынша қолма-қол немесе пошта арқылы:
Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 11/5 ғимарат, 5-қабат, 504/1-кабинет, пошталық индекс 010000. - Электрондық тасымалдағышта (флэш-карта) – WinRar, WinZip форматында мұрағатталған файл түрінде, құжаттардың сканерленген нұсқалары «PDF» және «MS Word» форматтарында.
- Электрондық форматта – өтінімдер оператордың электрондық поштасына жолданады:
mki2026@cisc.kz (WinRar/WinZip мұрағаты, «PDF» және «MS Word» форматтары).
Барлық жағдайларда өтінімдер нөмірленген, өтініш берушінің басшысы немесе сенім білдірілген тұлға қол қойған, мөрмен расталған, сондай-ақ мемлекеттік гранттың басым бағыты, өтініш берушінің атауы және байланыс деректері көрсетілуі тиіс.
Өтінімдерді қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында (демалыс және мейрам күндерін қоспағанда) сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 18 наурыз күні сағат 18:30-ға дейін жүзеге асырылады.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Қағидалардың №9 қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарға берілетін орта мерзім және ұзақ мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім (сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848#z312 );
2) Құрылтай құжаттарының көшірмелері (Жарғы, оған барлық өзгерістер және толықтырулармен, құрылтай шарты (болған жағдайда) және өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі);
3) Ұсынылатын әлеуметтік жобаға қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері (хат және (немесе) меморандум және (немесе) шарт) қоса берілген әріптестердің тізбесі (болған жағдайда);
4) Өтініш берушінің мемлекеттік гранттар бағыты бойынша әлеуметтік жобаларды іске асырудағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар (шарттардың және көрсетілген қызметтер актілерінің электрондық көшірмелері. Әлеуметтік жобалар шетелдік көздер есебінен іске асырылған жағдайда, сондай-ақ гранттар оператор арқылы іске асырылған жағдайда – шарттардың және өзге де құжаттардың көшірмелері (оператор арқылы гранттар іске асырған жағдайда салыстыру актісі) (болған жағдайда);
5) Ұзақтығы 3 минуттан аспайтын жобаның бейне-таныстырылымына сілтеме.
- Өтініммемлекеттік орган бекітетін үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесі және Қағидалардың талаптары негізінде қалыптастырылады.
Ұсынылатын әлеуметтік жоба шығыстарының сметасы әлеуметтік жобаны іске асыруға тікелей байланысты шығындардан және өтінімде көрсетілген жоспарланған іс-шаралардан қалыптастырылады.
- Қосымша ақпарат және консультация алу
Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдау барысындағы кез-келген уақытта +7 7172 790872, +7 7172 790807, +7 7172 790828 телефоны және mki2026@cisc.kz. электрондық поштасы арқылы консультация бере алады.
10 ҮЕҰ-ға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесі
2026 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың және оған қосымшаның көшірмесі «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі» ММ ресми сайтында орналастырылған:
https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/966657?lang=kk
Ескерту: Оператор өтінімдерді Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне қарауы бойынша қорытындыны және Конкурстық комиссия хаттамасынан үзіндіні Қағидаларда белгіленген мерзімдеріне сәйкес Оператордың интернет-ресурс сайтында орналастырылатын болады.
Құжаттарды мына сілтеме арқылы жүктеп алуға болады:
Бұйрық
Келісім шартқа қосымша