Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамытуға арналған шағын гранттар байқауы басталды!(Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2026 жылғы 30 сәуір сағат 18-30 дейін)

Ауылдың ҮЕҰ ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды   дамыту саласындағы шағын гранттар байқауына қатысуға шақырамыз.

Жобаны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша және ҮЕҰ гранттарының бірыңғай операторының гранттық қолдауымен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» қауымдастығы нысанында заңды тұлғалар бірлестігі іске асырады.

Байқаудың мақсаты — ауылдық жерлерде азаматтық белсенділікті ынталандыру, жергілікті бастамаларды қолдау және ауылдық аймақтарда жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін күшейту.

Конкурс ұйымдастырушысы: «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» қауымдастығы түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 13.04.2026-30.04.2026 (18:30-ға дейін)

Кім қатыса алады: Іске асыру Аумағындағы ауылдық елді мекендерде тіркелген ҮЕҰ

Іске асыру аумағы: Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Абай, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары

Гранттың саны мен сомасы: 1 000 000 теңге көлемінде 18 грант

Байланыс телефондары: + Нурханова Асель, +7 775 828 98 20

Әлеуметтік желілер: Instagram:@civil.alliance, Facebook: Қазақстанның Азаматтық Альянсы

Электрондық пошта: civilalliance20@gmail.com

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 обьявление русс