Атырау облысының Ішкі саясат басқармасының 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 5 «Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2026-2027 жылдарға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде 2026 жылғы 10 наурыз күні жарияланған мемлекеттік гранттар конкурсы шеңберінде грантқа өтініш берушілер арасынан жеңімпазды іріктеу мақсатында өткен Конкурстық комиссия отырысының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 16 хаттамасынан үзінді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, олардың тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау қағидаларының 32-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттың жеңімпазы болып мынадай үкіметтік емес ұйым айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1 Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау Өнер,мәдениет және заманауи коммуникациялық форматтар арқылы жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту және мәдени сәйкестілігін қалыптастыру қысқа мерзімді «Жарқын ЖанҰя» қоғамдық бірлестігі