ҮЕҰ қонақжайы «Табысқа жету тарихы»

Өзіңіз сияқты ҮЕҰ өкілдерімен кездесіп, олардың табысқа жету тарихын тыңдауға дайынсыз ба? Әлеуметтік идеяны ойлап тауып, оны толыққанды жобаға айналдыру жолында қандай қиыншылықтар тууы мүмкін? Әрдайым басқа біреудің өмірлік тәжірибесіндегі хикаяларын, әңгімелерін тыңдап, біз өзіміз үшін де маңызды жерін таба аламыз.

2018 жылдың қысында ерекшелігі бар балалардың үш анасы күштерін біріктіріп, өздеріндей аналарға көмек пен қолдау көрсету мақсатында үкіметтік емес ұйымды ашуға шешеді. Қазіргі табысты ұйымның осы күнге дейінгі даму тарихы туралы «Мама Про» ұйымының негізін қалаушысы Асия Тикеева ханым баяндайды. Ұйымның мақсаты «ерекше офис» болып келетін коворкингте ерекшеліктері бар балалардың аналарын оқыту, жұмысқа орналастыру және әлеуметтендіру болып табылады. Бұл кеңсе – әйелдер копирайтинг, СММ, жеке бренд, бухгалтерлік есеп, компьютерлік сауаттылықты және т.б. өзіне қосатын кәсіпкерлік қызметтің негіздеріне үйренетін кеңістік. Ата-аналар оқып, үйреніп, жұмыс істеп жатқан кезде балалар тәрбиешілер мен психологтардың бақылауында балалар аймағында болады.

Кездесу барысында спикер «Мама Про» ұйымының даму тарихы бойынша барлық сұрақтарға жауап беруге дайын.

Кездесуге қатысу үшін www.kameda.kz сайтына немесе kameda@inbox.ru поштасына өз аты –жөніңізді және ұйым атауын «Участник гостиной НПО» жазуымен жіберсеңіз болады.

Кездесу қай жерде және қашан болады?

Күні: 4 қазан,

Уақыты: 15:00. Нұр-Сұлтан қ.

8(7172)790445; 87088002887; 87710501537