Қоғамдық кеңестердің қызметі бойынша семинарлар

Семинарда kazkenes.kz жаңа сайты таныстырылады азаматтық қоғамды мемлекеттік органдарға шешім қабылдау және бақылау процесіне тартудың ағымдағы трендтері туралы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалды реформасын жүзеге асыруы туралы баяндалады. Қоғамдық кеңес мүшелерін өз қызметін жандандыруға шабыттандыру, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдеген “еститін мемлекет” тұжырымдамасы аясында Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды одан әрі дамытудың ең үздік тәжірибесі туралы айту.

Қысқаша анықтамалық ақпарат: 2015 жылғы 2 қарашадағы “Қоғамдық кеңестер туралы” ҚР Заңына сәйкес – Қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдардың транспаренттілігі мен есеп берушілігін қамтамасыз етудің жаңа нысаны ретінде айқындалған.

231 Қоғамдық кеңес құрамында бүгінгі күні 3588 мүше бар,оның ішінде 801 ҮЕҰ, 459 бизнес-құрылым, 584 – саяси партия филиалдары. Қоғамдық кеңестердің құрамындағы жастардың үлесі 5% (174 адам) құрайды.

2019 жылдың 1 жартыжылдығында Қоғамдық кеңестер азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты 2 мыңға жуық нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарады.

213 облыс әкімдерінің, Астана, Алматы қалаларының және аудандардың әкімдері, 15-і орталық мемлекеттік органдар басшыларының, 1300-ден астам жергілікті мемлекеттік органдардың, білім беру саласындағы, денсаулық сақтау, қаржы, экономика, әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы және т. б. басшыларының есептері тыңдалды.

Жалпы қоғамдық кеңестер қызметінің тәжірибесі азаматтық қоғамның пікірін білдіру үшін нақты қоғамдық институт құрылғанын айтуға мүмкіндік береді.

Қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау процесіне ықпал етудің пәрменді тетігі болды.

Аудитория: Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер, БАҚ, жұртшылық.