Алматы облысында ҮЕҰ гранттық жобаларының тиімділігі талқыланды

Жарияланған күні: 24.07.2026


Алматы облысында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ ұйымдастыруымен үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттық жобалардың тиімділігін талқылауға арналған кеңес өтті.

Кездесу барысында мемлекеттік гранттардың өңірлерде іске асырылу барысы, олардың қоғамға тигізіп отырған әсері және азаматтық қоғам институттарын одан әрі дамыту мәселелері кеңінен сөз болып, келесі жылға ҮЕҰ гранттық жобаларға ұсыныс жайы талқыланды.

Жиынға Алматы облысының ішкі саясат, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, дін істері, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, сондай-ақ жастар саясаты  өкілдері қатысты.